Африка кубогының символикалық құрамы жарияланды

Африка кубогының символикалық құрамы жарияланды

Жақында ғана мәресіне жеткен Африка кубогының символикалық құрамы жарияланды. Бұл туралы доданың ресми сайты хабарлап отыр.

2015 жылғы Экваторлық Гвинеяда өткен жарыстың шешуші кездесулері ойын соңындағы пенальти сериясында анықталған болатын. Кот-д'Ивуар құрамасы финалда Гананы жеңіп, өз тарихында екінші рет жеңімпаз тұғырынан көрінген еді. Бұл құраманың сапынан символикалық құрамға 5 ойыншысы енген. Ал 4 жылды бір рет өтетін жарыстың үздік ойыншысы болып ганалық Кристан Атсу танылған-ды.

Символикалық құрам:

ҚақпашыАймен Матлути (Тунис).

ҚорғаушыларАисса Манди (Алжир), Коло Туре (Кот-д'Ивуар), Джонатан Менса (Гана), Анри Бедимо (Камерун). 

Жартылай қорғаушылар: Серей Ди, Яя Туре (екеуі де - Кот-д'Ивуар), Субисисо Вилакази (ЮАР).

Шабуылшылар: Жервиньо, Вилфрид Бони (екеуі де - Кот-д'Ивуар), Андре Айю (Гана).  

Сурет: sports.ru

Оқи отырыңыз

«Adidas» Африка кубогының ресми добын таныстырды

Африка кубогына қатысушы құрама ФИФА-ға шағым түсірмек

Ө. Сансызбай