Кәсіпқой бокста Руслан Мәдиев үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
 Кәсіпқой бокста Руслан Мәдиев үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады (видео)

Қазақстандық Руслан Мәдиев кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Отандасымыз америкалық Карлос Санчесті бірінші раундта-ақ жеңіп шықты.

БӨЛІСУ

Калифорния штатында өткен кездесу төрт раундқа жоспарланған болатын. Бірақ, бірінші раундтан кейін-ақ қазақстандық боксшының қарсыласы жекпе-жекті жалғастыра алмады. Руслан Мәдиевтің ауыр соққылары қарсыласын есеңгіретіп тастады.

Қос боксшы да кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді. Отандасымыз үшеуінде де жеңіске жетсе, америкалық боксшы үшеуінде де жеңілген. 

Cурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Кәсіпқой бокста ел намысын кімдер қорғап жүр?

Әуесқой және кәсіпқой бокстың ережелері мен айырмашылықтары

Жанат Жақияновтың бапкері туиттердегі хабарламасынан кейін тоналып қалды

Пакьяо мен Мейвезер арасындағы «ғасыр жекпе-жегі» өтпеуі мүмкін