Қазақстан жастары «Достастық кубогын» сәтсіз бастады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Қазақстан жастары «Достастық кубогын» сәтсіз бастады

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан «Достастық кубогын» жеңіліспен бастады.

БӨЛІСУ

"С" тобында өнер көрсететін Саулюс Ширмялис шәкірттерінің алғашқы қарсыласы Тәжікстан құрамасы болды. Ойынның 52 минутында Джахонгир Эргашев салған жалғыз гол тәжік жастарына жеңіс алып келді.

Бұл топтағы өзге ойындарда Оңтүстік Африка Республикасы мен Литва құрамалары 1:1 есебімен тең тарқасты.

Қазақстан жастары келесі ойынын 18 қаңтар күні литвалықтарға қарсы өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, «Достастық кубогы» бұрынғы КСРО мемлекеттері арасында 1993 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2011 жылға дейін осы елдердің футбол клубтары арасында өтсе, 2012 жылдан бастап жастар құрамалары арасында өтетін болып шешілген. Саяси жағдайларға байланысты 2015 жылғы додаға соңғы жарыс жеңімпаздары Украина жастар құрамасы қатыспайды. Одан өзге Финляндия мен ОАР жастар құрамалары турнир тарихында алғаш рет бақ сынағалы отыр.

Сурет: Vesti.kz