"Australian Open" турниріндегі алғашқы қарсыластарымыз анықталды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
"Australian Open" турниріндегі алғашқы қарсыластарымыз анықталды

19 қаңтар күні "Үлкен дулыға" санатындағы Australian Open турнирі жалауын көтереді. Аталған турнирде қазақстандық теннисшілер де бақ сынайды.

БӨЛІСУ

Бүгін жерлестеріміздің алғашқы айналымдағы қарсыластары белгілі болды. Қазақстанның нөмірі бірінші теннисшісі Зарина Диас бірінші кезеңде польшалық Урсула Радваньскаямен бақ сынасады. Урсула әлемнің алтыншы нөмірлі теннисшісі Агнешка Радваньскаяның туған сіңілісі. Бүгінде ол әлемдік теннис рейтингінде 149-орын келеді. Ал, отандасымыз соңғы жаңарған WTA рейтингінде 31-орында тұр. Рейтингтік көрсеткішіне орай, Зарина жарысты іріктеу кезеңінен емес, негізгі кезеңінен бастайтын болды. 21 жасар жерлесіміз жаңа жыл басталғалы екі бірдей жарысқа қатысып, екеуінде де ширек финалда сүрінді. Алғаш Қытайда өткен «Shenzhen Open-2015» турнирінде орта жолда тоқтаса, кеше ғана Аустралияда өткен «Hobart International» халықаралық турнирінде сәтсіз өнер көрсетті. Зарина өткен жылы Australian Open турнирінің үшінші кезеңіне дейін жеткен болатын. Бұған дейін қазақ теннисшілері дәл бұндай көрсеткішке қол жеткізе алмаған-ды. 21 жасар жерлесімізден бұл сында да жақсы нәтиже күтеміз.

Өзге де қазақстандық теннисшілерден әлемнің 63-ракеткасы Ярослава Шведова бірінші кезеңде чехиялық Люси Шафаржовамен кездеседі. Ал, тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева турнирдің негізгі кезеңіне іліге алмады. Ол іріктеу кезеңінде чехиялық теннисші Луция Градецкаяға есе жеберді.

Ал, ерлер арасындағы сында Андрей Голубев финляндиялық теннисші Яркко Ниеминенмен ойнаса, Михаил Кукушкин Тунис елінің өкілі Малик Жазиримен келесі кезең жолдамасын сарапқа салады.

Australian Open турнирі 1 ақпанға дейін созылады. 19 қаңтар күні Диас, Шведова және Кукушкин кордқа шығады.

Сурет: өңделген