«Қайрат» футзал клубының аты өзгертілді

О Сансызбай Корреспондент
«Қайрат» футзал клубының аты өзгертілді

Алматылық «Қайрат» футзал клубының аты өзгертілді. Бұл туралы «Астана» ПКСК бас директоры Владимир Смирнов хабарлады. Енді клуб алдағы уақытта «Астана-Қайрат» атымен ел намысын қорғайтын болады.

БӨЛІСУ

Кеше өткен арнайы баспасөз мәслихатында «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы мен «Қайрат» шағын футбол клубының арасындағы 2013 жылы 19 қарашада қол қойылған Меморандум шеңберінде «Астана-Қайрат» футзал клубы құрылатындығы мәлімделді. Яғни, «Қайрат» футзал клубы «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына еніп, атауын өзгертіп отыр.

«Қайрат» шағын футбол клубының атын өзгерту ұсынысы алматылық ұжым тарапынан түскен екен. Ірі додаларда ел намысын қорғап жүрген ұжым алдағы уақытта өз алаңында кездесулерін (Алматы қаласы) өткізе береді. Себебі клуб басқа қалаға қоныс аударса, онда оның барлық рейтингтері мен жетістіктері жойылады екен. Команданың атын өзгерту мақсаты - Астана қаласының имиджін арттыру, елімізде шағын футболды дамыту мен ірі спорттық ұйымдарды біріктіру негізінде қолға алынған.

«Қайрат» футзал клубы (ендігіде «Астана-Қайрат») елімізде ғана танылған клуб емес. Еуропада абройы мен атағы жоғары ұжымдар қатарынан. Негізі 1995 жылы қаланған. Одан бергі аралықта талай белестерді бағындырды. 2012/2013 жылғы маусымда УЕФА Кубогын жеңіп алды. Өзге де жетістіктеріне тоқтала кетейік.

1999 ж - ҚР Кубогының иегері
2000 ж - ҚР Кубогының иегері
2003/04 жж- ҚР чемпионы
2004/05 жж- ҚР Кубогының иегері, ҚР чемпионы
2005/06 жж - ҚР Кубогының иегері, ҚР чемпионы
2006/07 жж - ҚР Кубогының иегері, ҚР чемпионы
2007/08 жж - ҚР Кубогының иегері, ҚР чемпионы
2008/09 жж - ҚР Кубогының иегері, ҚР чемпионы, УЕФА Кубогының қола жүлдегері
2009/10 жж - ҚР Кубогының иегері, ҚР чемпионы
2010/11 жж- ҚР чемпионы, УЕФА Кубогының қола жүлдегері
2011/12 жж - ҚР чемпионы
2012/13 жж - УЕФА Кубогының жеңімпазы, ҚР Кубогының иегері, ҚР чемпионы
2013/14 жж – Еременко Кубогының иегері, ҚР Кубогының иегері, ҚР чемпионы, ҚР Суперкубогының иегері
2014/15 жж - ҚР Кубогының иегері, ҚР Суперкубогының иегері

Cурет: prosportkz.kz