Зарина Диас 2014 жылды 33-орында аяқтады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Зарина Диас 2014 жылды 33-орында аяқтады

Қазақстанның бірінші ракетасы Зарина Диас Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңартылған рейтингінде 2014 жылды 33 орында аяқтады.

БӨЛІСУ

Бүгін, яғни, 29 желтоқсан күні WTA-ның биылғы рейтингі соңғы рет жаңарды. Тізімдегі 21 жасар қазақ қызы Зарина Диас өткен айдағы орнын сақтап қалды. Бұл қазақстандық теннисшінің спорттық мансабындағы үздік жетістігі саналады.

Тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова үздік жүздікке енді. Ол бұл тізімде 65-орыннан көрінді. Ал, Юлия Путинцева 115-орынға жайғасса, Галина Воскобоева биылғы жылды 259-орында аяқтады.

29 желтоқсанда жаңарған WTA рейтингі. ТОП-10. 

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 8485 ұпай,
2 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 7050,
3 (3). Симона Халеп (Румыния) - 6292,
4 (4). Петра Квитова (Чехия) - 5966,
5 (5). Ана Иванович (Сербия) - 4820,
6 (6). Агнешка Радваньска (Польша) - 4810,
7 (7). Эжени Бушар (Канада) - 4715,
8 (8). Каролина Возняцки (Дания) - 4625,
9 (9). Ангелика Кербер (Германия) - 3480,
10 (10). Доминика Цибулкова (Словакия) - 3052.

Естеріңізге сала кетсек, америкалық теннис шолушысы Мэтт Кронин Зарина Диастың өткен маусымдағы жетістіктерін жоғары бағалап, оның рейтингте үлкен жылдамдықпен жоғарылап келе жатқанын айтқан еді.

Сурет: sk-sport.kz