Шумахердің демеушілері шу шығармаған

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Шумахердің демеушілері шу шығармаған

Аты әлемге әйгілі неміс автошабандозы Михаэль Шумахердің демеушілері спортшымен серіктестік келісімін үзбеген. Жақында кей ақпарат құралдары спортшыға демеушілік танытып келген компаниялар мен жеке тұлғалар қырын қарап отырғанын хабарлған еді.

БӨЛІСУ

«Формула-1» жарыстарынан әлемнің жеті дүркін чемпионынан демеушілері теріс айналып отырған жоқ. Бұл туралы автошабандоздың менеджері Сабина Кем мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетсек, Михаэль Шумахер осыдан бір жыл бұрын Францияның Мерибеле тау-шаңғы курортында шаңғы теуіп жүргенде оқыс құлап, бас сүйегінен ауыр жарақат алған еді. Содан бері спортшыға бірнеше рет күрделі ота жасалды. Қазіргі таңда Михаэль Шумахер өз үйінде ем қабылдауда. 

Сурет: driveride.ru