37 жастағы Рауль Гонсалес "Нью-Йорк Космоста" ойнайтын болды

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
37 жастағы Рауль Гонсалес "Нью-Йорк Космоста" ойнайтын болды

Аты аңызға айналған Рауль Гонсалес мансабын «Нью-Йорк Космос» құрамында жалғастыратын болды. «Реал Мадридтің» экс шабуылшысы америкалық клубпен 2 жылдық келісімге отырды. Келесі маусымнан бастап жетінші нөмірді иемденген ойыншыны американың алаңдарынан көреміз.

БӨЛІСУ

37 жастағы Рауль: «Мен «Нью-Йорк Космос» командасында ойнауға еш ойланбастан келісімімді бердім. Командаға пайда әкелуге тырысамын. Және әлемнің ең жақсы қалаларының бірінде өмір сүремін, мүмкін Нью-Йорк қаласында ұзақ тұрақтап қалатын да шығармын», – дейді.

Мансабының ең мықты сәттерін «Реал» сапында өткізген Рауль Гонсалес Америкаға барып не өзгертетінін уақыт көрсетеді.

 Сурет: futbol.as.com