Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
 Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады (видео)

Жақында кәсіпқой бокста бақ сынауға бел буған қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов шаршы алаңдағы бірінші жекпе-жегін өткізді. Қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсіріп, спорттық мансабын жеңіспен бастады.

БӨЛІСУ

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «BB King Blues Club & Grill» спорт кешінінде өткен кездесуде отандасымыз қарсыласы Энтони Мэдденді бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен тізе бүктірді. Бірінші минуттардан бастап соққылардың астына алған Дәурен америкалық боксшыға еш мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде бас қазы бірінші раунд аяқталар тұста жеңімпазды анықтап үлгерді.

Айта кетейік, Дәурен Елеусінов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусіновтың ағасы. Әуесқой бокста 2001 жылы ел біріншілігінде алғаш рет шаршы алаңға көтерілген. Қазіргі таңда қазақстандық былғары қолғап шеберінің еншісінде халықаралық және құрлықтық жарыстардан иеленген бірнеше атақтары бар. Сондай-ақ, 2005 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2009 жылы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған.

Екінші жыл қатарынан AIBA таңдауымен әуесқой бокста жыл боксшысы атанған Дәурен Елеусінов ағасын жеңісімен instagram желісінде құттықтады.  

Сурет: vk.com