Бауыржан Исламхан – 2014 жылғы маусымның үздік футболшысы!

Бауыржан Исламхан – 2014 жылғы маусымның үздік футболшысы!

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ХХІІІ ел біріншілігінің ең үздік және ең жас ойыншысын анықтады. Үздіктерді анықтаған дауыс беру шарасына әр клуб басшысы, бас бапкері мен капитандары қатысқан.

Дауыс беруге қатысқандар үздік үш ойыншы есімін кезегімен атаған. Бірінші дауыс алған ойыншы 3 ұпай еншілесе, екінші болып көрсетілгенге – 2 ұпай, үшінші орынға лайықты деп танылған футболшыға бір ұпайдан берілген.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 2014 жылғы ел премьер-лигасының үздік футболшысы болып алматылық «Қайрат» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан танылды. 21 жастағы Тараз футбол мектебінің түлегі барлығы 69 ұпай  (14 – бірінші орын, 12 – екінші орын, 3 – үшінші орын) жинады. Расында да, ұлттық құрама ойыншысы бұл маусымда сәтті өнер көрсетті. Командасын алға сүйреді десек қателеспейміз. Ел біріншілігінде 31 кездесуге қатысып, 5 гол соқты. Ал талай бастап берген нәтижелі шабуылдары өз жемісін берген сәттер көп болғаны ақиқат. «Қайраттың» қола жүлде мен ел кубогын жеңіп алуына аянбай тер төккен ойыншылардың бірі десек қателеспейміз. Қазіргі таңда Бауыржанға құда түсіп отырған өзге елдің клубтары да жоқ емес, баршылық. Сонымен қатар, Батори (лақап аты) осы маусымның ең жас ойыншысы да атанды.

Ел премьер-лигасының үздік ойыншысы мәртебесінің екінші сатысынан «Астана» жартылай қорғаушысы Фокси Кетевоама көрінді. Ол барлығы 39 ұпай жинады. Елордалық клубтың легионері де бұл маусымды нашар өткізген жоқ. Ең үздік сұрмерген атанды. Ол 16 гол соғып қана қоймай, 16 рет нәтижелі пас та берген. Нәтижесінде «гол+пас» жүйесі бойынша 32 ұпай жинап, премьер-лигадағы үздік ойыншылардың бірі екенін дәлелдей білді.

Үздік ойыншылардың үштігін тағы бір «Қайрат» ойыншысы Самат Смақов қорытындылады. Алматылық клуб пен ұлттық құрама жартылай қорғаушысы 24 ұпай жинаған. Маусым соңындағы сәтсіздігі себеп болды демесеңіз, маусым бойы командасын алға сүйрей білді. Төртінші орыннан «Астана» мен ұлттық құрама шабуылшысы Танат Нөсербаев (13 ұпай) көрінсе, бесінші және алтыншы орындарды 8 ұпаймен қақпашылар Александр Мокин («Шахтер») мен Кирилл Прядкин («Қайсар») өзара бөлісті.

Сонымен кім-кімге дауыс бергенін қарай отырайық.

Клуб
 Аты-жөні
№ 1
№ 2
№ 3
 Ең жас ойыншы
Астана
Қайсар Бекенов
Кетевоама
Исламхан
Хайруллин
Исламхан
Станимир Стойлов
Пиззелли
Исламхан
Смақов
Исламхан
Танат Нөсербаев
Нөсербаев
Исламхан
Кетевоама
Бейсебеков
Қайрат
Малик Күшәлиев
Исламхан
Сиссей
Шомко
Исламхан
Владимир Вайсс
Исламхан
Бақаев
Кетевоама
Исламхан
Бауыржан Исламхан
Нөсербаев
Қонысбаев
Кетевоама
Бейсебеков
Ақтөбе
Сағат Еңсегенулы
Логвиненко
Исламхан
Гоу
Мирошниченко
Владимир Газзаев
Кетевоама
Хайруллин
Пиззелли
Исламхан
Петр Бадло
Сидельников
Хайруллин
Смақов
Мирошниченко
Ордабасы
Берік Омарбеков
Исламхан
Касьянов
Жолшиев
Тұңғышбаев
Саулюс Ширмялис
Исламхан
Касьянов
Кетевоама
Жаңғылышбай
Кайрат Аширбеков
Нөсербаев
Касьянов
Смақов
Тұңғышбаев
Қайсар
Руслан Балтиев
Исламхан
Прядкин
Нөсербаев
Исламхан
Дмитрий Огай
Исламхан
Прядкин
Нөсербаев
Исламхан
Кирилл Шестаков
Прядкин
Исламхан
Кетевоама
Исламхан
Шахтер
Ерден Халилин
Мокин
Исламхан
Қонысбаев
Исламхан
Виктор Кумыков
Мокин
Исламхан
Неко
Исламхан
Андрей Финонченко
Исламхан
Мокин
Кетевоама
Исламхан
Атырау
Асылбек Жүнтербаев
Кетевоама
Исламхан
Эссаме
Исламхан
Владимир Никитенко
Кетевоама
Исламхан
Каньяс
Исламхан
Ренат Абдулин
Смақов
Абдулин
Карпович
Исламхан
Ертіс
Игорь Елащук
Смақов
Дудченко
Шомко
Исламхан
Ойрат Садуов
Исламхан
Кетевоама
Смақов
Исламхан
Сергей Иванов
Дудченко
Смақов
Исламхан
Бегалин
Тараз
Махамбет Дүйсембаев
Исламхан
Смақов
Воротников
Исламхан
Евгений Яровенко
Исламхан
Нөсербаев
Смақов
Исламхан
Дмитрий Евстигнеев
Исламхан
Смақов
Каньяс
Исламхан
Тобыл
Талғат Баймұратов
Кетевоама
Каньяс
Исламхан
Қожамберді
Вардан Минасян
Кетевоама
Исламхан
Пиззелли
Жуков
Нұрбол Жұмасқалиев
Исламхан
Петухов
Пиззелли
Исламхан
Жетісу
Қалмұхамет Донсебаев
Кетевоама
Исламхан
Логвиненко
Шайхов
Асқар Қожабергенов
Смақов
Кетевоама
Прядкин
Шайхов
Андрей Пасеченко
Исламхан
Кетевоама
Гоу
Шайхов
Спартак
Зейнетулла Ахметов
Исламхан
Шомко
Кетевоама
Еркебұлан Нұрғалиев
Алексей Петрушин
Смақов
Кетевоама
Исламхан
Исламхан
Сергей Куцов
Кетевоама
Исламхан
Смақов
Еркебұлан Нұрғалиев

 Сурет: pfk.kz

Ө. Сансызбай