Олимпиада чемпионына әлемдік додаға қатысу бұйырмады

О Сансызбай Корреспондент
 Олимпиада чемпионына әлемдік додаға қатысу бұйырмады

Екі дүркін әлем чемпионы, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында топ жарған отандасымыз Светлана Подобедова Алматыда өтетін әлем чемпионатынан шет қалды. Спортшы жарыс алдындағы жаттығу кезінде жарақат алды.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Светланадан алтын күтпесе де, қоржынға бір жүлде салатынын айтқан еді. Лондондағы Олимпиада ойындарынан кейін алғаш рет ірі жарысқа қатысқалы отырған спортшыға Алматыда бақ сынау бұйырмады. Дәрігерлік тексеру қорытындысы бойынша, Светлана Подобедованың жаттығу сәтінде алған жарақаты жеңіл болмай шықты. Ол сол аяғының бұлшықетін жарақаттап алған. Енді алдағы 1 айға жуық уақыт көлемінде ұлттық құрамаға қосылмайды. Жарақат алған жерлесімізді қосалқы құрамдағы Анна Нұрмұхамбетова (75 келі) алмастыратын болды.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өтетін дода ертең басталады. Жарыс кестесін мына сілтемеден қарай аласыздар.

Сурет: confederation.kz