Андреа Пирло «Лос-Анджелес Гэлакси» командасына ауысады

Андреа Пирло «Лос-Анджелес Гэлакси» командасына ауысады

«Лос-Анджелес Гэлакси» командасының бас бапкері Брюс Арена команда басылығының «Ювентус» клубының ойыншысы Андреа Пирлоға қызығушылық танытып отырғанын растады.

«Пирло біздің командаға дәл келеді. Біз жоғарғы деңгейдегі футболшыны өз командамыздан көргіміз келеді», - дейді Арена. Италия құрамасының 35 жастағы футболшы клуб сапына қаңтар айында қосылуы мүмкін. Пирло «Ювентус» сапында 2011 жылдан бері ойнап келеді. Ол бүгінге дейін 99 ойын өткізіп, 13 мәрте гол салған.

Андреа Пирло Бразилия елінде өткен Әлем чемпионатынан кейін спорттық мансабын аяқтаймын деген болатын. Алайда құраманың бас бапкері Антонио Контемен болған арадағы әңгімеден кейін ойыншы бастапқы шешімінен бас тартты.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footblogger.ru

Н. Айдархан