Сәбина Алтынбекова алдағы өмірін тек қана спортпен байланыстырады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Сәбина Алтынбекова алдағы өмірін тек қана спортпен байланыстырады

Қытайлық жанкүйерлердің арасында танымалдыққа ие болып, әлемдік БАҚ өкілдері жарыса жазған қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова алдағы өмірін тек қана спортпен байланыстырады. Бұл туралы спортшы қыз TengrinewsTV-ға берген сұқбатында айтып өтті.

БӨЛІСУ

Сәбинаның айтуы бойынша, сән әлемі оның болмысына сай келмейді екен. Спортшы қыз Қазақстанның волейболын жоғарғы деңгейге көтеруді армандайды. Аз ғана уақыттың ішінде осыншама жанкүйерді қалай жинап алғанын Сәбинаның өзі де түсінер емес. Бұның ешқандай құпиясы жоқ дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, 17 жастағы Сәбина Алтынбекова Тайпейде өткен Азия біріншілігінде қытайлық жанкүйерлердің махаббатына ие болып, аз ғана уақыттың ішінде «жұлдызға» айналған еді. Қазақстандық аруға жергілікті жанкүйерлер ерекше құрмет көрсетіп, әлеуметтік желілерде достық хабарламасын жіберушілердің саны сағат сайын арта түскен. Бүгінде Сәбинаға әлеуметтік желілерде 200 мыңнан астам адам достық ұсынған.

Қытайлықтарды таң қалдырған қазақ қызы құраманың қосалқы құрамдағы ойыншысы саналады. Сәбина Азия чемпионатына алғаш рет шақырту алған екен.

Ұқсас жазбалар:

Сәбина – Азия чемпионатының хас сұлуы!

Волейболдан еліміздің жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатын 7-ші орынмен аяқтады

Сәбинаның танымалдылығын Еуропа мен АҚШ БАҚ-тары жарыса жазуда

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: tengrinews.kz