Сәбинаның танымалдылығын Еуропа мен АҚШ БАҚ-тары жарыса жазуда

Сәбинаның танымалдылығын Еуропа мен АҚШ БАҚ-тары жарыса жазуда

Шетелдік басылымдар қазірдің өзінде волейболшы қыз Сәбина Алтынбекова туралы жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

17 жастағы қазақ спортшысының жанкүйерлері салған фан-арт туындылары да көбейді. Ендеше жанкүйерлері салған суреттер мен шетелдік БАҚ-тардың қазақ аруы жайлы жазған мақалаларына тоқталып өтейік.

Globalvoicesonline.org сайты да Сәбинаның кенеттен келген танымалдылығы туралы былай жазады:  

"17 жастағы қазақ волейболшысы Сәбина Алтынбекова 22 шілде күні твиттерде өзінің парақшасын ашады. Ол бұл арқылы оның атымен аккаунт ашқандарға қарсы тұрғысы келді, 23 мыңнан астам оқырман тапты. Ол көптеген аниме кейіпкеріне айналып, БАҚ-тардың бірінші беттерінде шыға бастады. Олар қазақ бойжеткенінің Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына волейболшы ретінде емес, дүйім жұрттың көзіне түсу үшін алынғаны туралы жазуда".

Mujer.es интернет басылымы Сәбина жайлы ақпарат береді.

Ал шетелдік stuff.co.nz сайты қазақстандық tengrinews.kz сайтына сілтеме бере отырып, Сәбинаның жанкүйерлерінің тек Қытайда емес, Еуропада да көп екенін жазады. 

Шетелдік dailymail.co.uk сайты да Сәбинадан айналып өте алмады. Онда Сәбина алаңға шыққаннан бастап оған деген жанкүйерлердің тамсанғандығы туралы жазылған. Сонымен қатар, жұрттың ойынды көрмей, тек қазақстандық сұлудың әдемілігін талқылап жатқаны айтылған. 

Youtube.com желісіндегі Сәбинаның ойынын бейнелеген роликтің көрілімі 1 миллионнан асып жығылды. Видеороликтің төменгі жағында Сәбина жайлы алуан түрлі пікірлер айтылуда. Мәселен, бір қолданушы оны әдемілігі үшін емес, спорттағы жетістігіне қарап бағалау керек дегенді айтса, екіншісі спортшы қызға өлердей ғашық болғанын жазады.

Сәбинаны әртүрлі кейіпте салған фан-арт авторларының бірі оған тіпті қанат бітіріп періште кейпінде бейнелеген екен. 

Ал америкалық losangeles.cbslocal.com басылымы "Ойын үшін тым әдемі ме? Сәбина Алтынбекова туралы білуіміз керек 6 дерек" деген атпен мақала жазды. Сол алты дерек ретінде басылым мына ақпараттарды береді:

1) Сәбина өз елінің спортын жақсы жарнамалауда;

2) Сәбинаның бапкері біріншіліктегі команданың төменгі сатыда аяқтағанын оның аса танымал болуы деп түсіндіреді.

3) Сәбина тек әдемі және жақсы спортшы ғана емес, сонымен қатар заң мамандығын оқығысы келетінін оның анасы айтты.

4) Сәбинаның бойы 6 фут (1 фут -  30.48 см). Ол модельдік бизнеске де бара алады.

5) Сәбина салмақты әрі ақылды. Дүйім жұрттың назары өзіне ауғанда ол өзінің сондай құрметке ие болғаны үшін рақмет айтты, бірақ ол бар ой-ауанын волейбол ойынына салғысы келетінін жеткізіпті, – деп жазады The Daily Mail.

6) Оның әке-шешесі де спортшы болған. Әкесі шаңғышы болса, шешесі жеңіл атлетикамен айналысыпты.

Ескерте кетейік, Сәбинаның instagram желісіндегі парақшасы қазақстандық спортшылардың рейтингінде көш бастап тұр. Оның бүгінде 249 507 оқырманы бар.

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет: globalvoicesonline.org

А. Құлтай