Волейболдан еліміздің жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатын 7-ші орынмен аяқтады

Волейболдан еліміздің жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатын 7-ші орынмен аяқтады

Волейболдан еліміздің жасөспірімдер құрамасы Тайпейде өткен Азия чемпионатын жетінші орынмен аяқтады. Жерлестеріміз соңғы ойында Шри-Ланки құрамасынан басым түсті.

Биылғы Азия чемпионатының жеңімпазы болып қытайлық валейболшылар танылды. Олар финалда Жапония құрамасынан айласын асырды. Қола жүлде кореялық қыздардың еншісіне бұйырды. Турнирге жалпы саны 15 құрама қатысқан болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 17 жастағы қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова турнирдің ең сұлу спортшысы атанып, көрермен көзайымына айналған болатын.

Қытайдың БАҚ өкілдері ең әдемі волейболшы қыз туралы жарыса жазып, аз уақыттың ішінде танымалдығын арттыра түсті. Қазақстандық аруға жергілікті жанкүйерлер ерекше құрмет көрсетіп, әлеуметтік желілерде достық хабарламасын жіберушілердің саны сағат сайын арта түскен. Сәбинаның «Іnstagram» әлеуметтік желісіндегі оқырмандары төрт күн ішінде 300 адамнан 170 мың адамға дейін жеткен.

Қытайлықтарды таң қалдырған қазақ қызы құраманың қосалқы құрамдағы ойыншысы саналады. Сәбина Азия чемпионатына алғаш рет шақырту алған екен.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Н. Айдархан