2022 жылғы қысқы Олимпиада бір жылға шегерілуі мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
2022 жылғы қысқы Олимпиада бір жылға шегерілуі мүмкін

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық футбол одағы қауымдастығының (ФИФА) футболдан 2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатын қыста өткізуіне қарсы екендігін мәлімдеді.

БӨЛІСУ

ХОК Әлем чемпионаты мен ақ Олимпиаданың қатар өтуін тиімсіз санауда. Егер қатар өтетін болса, қысқы аламанды өткізетін ел мен демеушілерге түсер пайда шамалы болатынын болжауда. Сонымен қатар, қысқы ойындардың дәрежесін түсіреді деп те бәйек болуда. Осыны ойластыра келе аталған басшылық мүшелері Әлем чемпионаты уақытын өзгертпейтін болса, 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы 2023 жылы өткізуді жоспарға енгізіпті.


Естеріңізге сала кетсек, футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионаты Катар елінде өтеді. Жаз мезгілінде аталған аумақта ауа райының аптап ыстық болуына байланысты ФИФА доданы қыста өткізуге шешім шығарған болатын. Дегенмен, бұл шешімге қарсы дау айтушылар да жетіп артылады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rsport.ru