Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Астанада «Ұлттар лигасы» жобасы қабылданды

Астанада «Ұлттар лигасы» жобасы қабылданды

Астанада «Ұлттар лигасы» жобасы қабылданды

Еуропа футбол одағы қауымдастығының (УЕФА) Астанада өтіп жатқан ХХХVIII конгресінде «Ұлттар лигасы» деп аталатын жаңа доданың жобасы қабылданды. Осыған дейін айтылып келген бұл турнир 2018 жылы басталатын болды. Әзірге толық қандай жүйеде өтетіні белгісіз.

Елордада 54 елдің футбол басшылығы қатысып жатқан отырыста мақұлданған жоба 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатынан кейін бастау алмақ. Төрт жыл да бір өткізіліп тұрады. УЕФА-ның ресми сайты ақпараты бойынша, «Ұлттар лигасы» мен Еуропа чемпионаты тығыз байланыста болады. Яғни, жаңа турнир ұлттық құрамалардың Еуропа чемпионаты ақтық сынына шығуына да мүмкіндік сыйламақ. Қауымдастықтың бас хатшысы Джанни Инфантиноның айтуынша, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының 4 жолдамасы осы турнирде таратылмақ. Доданың толық жүйесі болмағанмен, нақты өтуі тиіс ақпараттары бар. Онда УЕФА құрамына енетін 54 елдің ұлттық құрамалары рейтинг көрсеткіштері бойынша үлкен 4 топқа бөлінетін болады. Ал әр топ өзара кіші топтарға бөлінеді. Үздік шыққандары тағы өзара топ құрап, Еуропа чемпионаты жолдамасын сарапқа салатын болады.


Сонымен қатар, Астанадағы конгресте Еуропа футболындағы басқа да маңызды мәселелер қарастырылды. Мәселен, АҚШ-тың және өзге ел өкілдерінің 2018 жылы Әлем чемпионатын Ресейде өткізуге қарсы пікіріне  УЕФА президенті Мишель Платини өз ойын білдірді.

- Саясатта үлкен өзгерістер орын алуда. Ал біз одан алшақпыз. Осындай сұрақтар мені мезі қылды. Саясатты спортпен араластыруға болмайды, – деді.

Айта кетейік, бүгін өткен конгресте қауымдастыққа мүше елдердің жылдық бюджет қоры мен УЕФА Жарғысына өзгертулер енгізу мәселелері де талқыланды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан ТМД елдері ішінен бірінші болып УЕФА конгресін өткізіп отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: uefa.com

Қосылған күні: 27 наурыз 2014, 16:23
Пікірлер
+0
27 наурыз 2014, 16:55

толығырақ мақала шықпайдыма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.