Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Монте-Карло: Головкин - Адама. Бүгін

Монте-Карло: Головкин - Адама. Бүгін

Монте-Карло: Головкин - Адама. Бүгін

Бүгін орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий (GGG) Головкин ганалық Осумана Адамаға қарсы чемпиондық атақтары қорғау үшін рингке көтеріледі.

Кездесу Монако князьдігінің Монте-Карло ойын-сауық ауданында өтпек. Ал еліміздің бокс сүйер жанкүйерлері үшін жерлесіміздің жекпе-жегін отандық қос телеарна «Қазақстан» мен «Kazsport» тікелей эфирден көрсетеді. Гена мен Осумана жекпе-жегі бүгінгі бокс кешінің негізгі оқиғасы болмақ. Жоспар бойынша аталған боксшылар рингке ақпанның 1-інен 2-сіне қараған түні сағат 2 мен 3 аралығында көтеріледі деп күтілуде.

KazSport арнасы Астана уақытымен сағат 22:30-да шымылдығын түретін андеркарттан (негізгі кездесу алдындағы қыздырыну жекпе-жектері) бастап кештің аяғына дейін тікелей трансляция жүргізсе, ал «Қазақстан» Ұлттық арнасы Монакоға Астана уақытымен түңғі сағат 2:30-дың шамасында қосылып, тек жерлесіміздің қатысуымен өтетін негізгі кездесуді ғана тікелей эфирден таратады. 

Массагет порталы да кездесудің қалай аяқталғанын ең бірінші боп сіздермен бөлісетін болады.  

Айта кетейік, осыған дейін Монакода спортшылардың салмағын анықтау рәсімі өткен болатын. Нәтижесінде қос боксшы да 72,2 келі салмақ дәрежесін көрсетіп (159,2 фунт), орта салмақтан (72,574 келі немесе 160 фунт) ауытқымағандығына көпшіліктің көзін жеткізді.   

Қазақстандық боксшы үшін бұл кештегі кездесу өз мансабындағы 29-шы саналады. Айта кетейік, Гена осыған дейінгі 28 кездесуінде жеңіске жеткен болатын (оның 25-і уақытынан бұрын аяқталды). Ал қарсыласы ганалық Осумана Адама 25 рет рингке көтеріліп, оның 22-сінде жеңіске жеткен (16 нокаут).

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейінгі кездесуінде Головкин америкалық Кертис Стивенсті сегізінші раундтан кейін техникалық нокаутпен жеңген болатын. Геннадийдің тағы да бір қарсыласы британиялық Мэттью Маклин қазақстандық боксшымен болған кездесуінің салдарын баяндап және де Осуманаға алдағы кездесуде жеңіске жетуі үшін жасауы тиіс бірер кеңесін айтқан еді.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vesti.kz

Қосылған күні: 01 ақпан 2014, 22:06
Пікірлер
+0
01 ақпан 2014, 22:39

Головкин 6 раундта құлататын болар

+0
01 ақпан 2014, 23:51

Жеңіс тілейміз!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.