Головкин мен Адама бірдей салмақ көрсетті

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Головкин мен Адама бірдей салмақ көрсетті

Бокстан WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий (GGG) Головкин мен оның чемпиондық белбеулеріне үміткер ганалық Осумана Адама салмақ өлшеу рәсімін сәтті өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

31 жасар Гена мен 32 жасар гана үміті Осумана екеуі де бірдей 72,2 келі (159,2 фунт) салмақ көрсетіп, орта салмақтан (72,574 келі немесе 160 фунт) ауытқымағанын дәлелді.


Естеріңізге салсақ, Геннадий Головкин мен Осумана Адама арасындағы кездесу Монаконың Монте-Карло ауданындағы атақты орталық казинода өтеді. Жекпе-жек ақпанның 1-нен 2-сіне қараған түні Астана уақытымен сағат 02:00-де басталады деп жоспарланған.

Бұл кездесу Головкин үшін 2014 жылғы алғашқы, ал өз мансабы жолындағы 29 кездесу болғалы тұр. Генаның алдағы кездесуі 26 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтеді деп жоспарланған. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз. Ал Головкин соңғы жекпе-жегінде америкалық Кертис Стивенсті техникалық нокаутпен жеңгендігін айта кетейік.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: @GoldenGlovesSA