2022 жылы футболдан ӘЧ қыста өтетін болып шешілді

2022 жылы футболдан ӘЧ қыста өтетін болып шешілді

Футболдан 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпонаты ақыры қыс мезгілінде өтетін болып шешілді. Бұл жөнінде Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) бас хатшысы Жером Вальке мәлімдеді.   

Негізінен әлем біріншіліктері дәстүрлі түрде футбол маусымдарының үзілісі кезінде жаз айларында ұйымдастырылатыны белгілі. Алайда маусым-шілде айларында Араб түбегінің солтүстігінен орын тепкен Катарда ауа температурасы 40 градус ыстықты көрсетеді.  

«Әлем чемпионаты маусым-шілде айларында өтпейді. Меніңше, ол 15 қараша мен 15 қаңтар аралығынында өтуі тиіс. Егер футбол матчтары қарашаның ортасынан қаңтар аралығында өтетін болса, ауа райы да футболшылар мен жанкүйерлерге әбден қолайлы болар еді. Температура Еуропадағыдай шамамен 25 градус болмақ. Ал бұл өз кезегінде футбол үшін өте қолайлы фактор»,-дейді Вальке.

Естеріңізге салсақ, Катар өз жерінде әлем чемпионатын өткізу құқығын 2010 жылы жеңіп алған болатын.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vsluh.ru 

 

Б. Қосмағамбет