Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Рауль қайда жүр?

Рауль қайда жүр?

Рауль қайда жүр?

Әйгілі Испания және мадридтік «Реалдың» экс-футболшысы Рауль Гонсалес 2013 жылы спорттық мансабына нүкте қояды деген ақпараттар тарағанымен, футболшы бутсысын шегеге іле қойған жоқ. Кезінде «корольдік клубтың» жүрегіне айналған ойыншы қазіргі таңда Катардың «Аль-Садд» клубында өнер көрсетіп жүр.

Бүгінгі жария болған ақпараттарға сүйенсек, АҚШ-тың "Нью-Йорк Космос" командасының бас бапкері Джованни Саваренсе 36 жастағы шабуылшыны өз командасы қатарына қосуға ниетті екенін білдірді.

- Мен өз командамнан Раульді көргім келеді. Ол нағыз талантты, үлгі боларлық футболшы. Команданы кез келген тығырықтан, кез келген сәтсіздіктен құтқаруға жеке басының шеберлігі арқылы қол жеткізе алады. Мен сол үшін бұл футболшыны командамда ойнағанын қалаймын – деді.

Естеріңізге сала кетсек, "Нью-Йорк Космос" осы маусымда солтүстікамерикалық футбол лигасында (NASL) жеңімпаз атанып, жоғарғы лигаға (MLS) жолдама алған болатын. Ал осыған дейін команда тағы да Испания ұлттық құрамасының экс-футболшысы Маркос Сеннаны қатарларына қосқан еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rsport.ru

Қосылған күні: 27 желтоқсан 2013, 10:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.