Жастар құрамасына жаңа бапкер келді

О Сансызбай Корреспондент
Жастар құрамасына жаңа бапкер келді

Қазақстан Футбол Федерациясы ресми сайтының хабарлауынша, Қазақстан жастар құрамасын литвалық маман Саулюс Ширмялис баптайтын болды.

БӨЛІСУ

Бас бапкер спорттық мансабында «Каунас» командасымен Литваның 3 дүркін чемпиондығы атағына қол жеткізсе, 2011-2012 жылдағы маусымда «Ақжайық» командасын баптаған.

Қазақстан жастар құрамасы Саулюс Ширмялистің басшылығымен 9-22 қаңтар аралығында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Артынша, 23 қаңтар күні командамен бірге «Достастық кубогы» аясында Санкт-Петербургке аттанатын болады. Ал біз осыған дейін, «Достастық кубогындағы» қарсыластар туралы хабарлаған болатынбыз.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosportkz.kz