Криштиану Роналду өз құрметіне музей ашпақшы

Шерхан Талап Корреспондент
Криштиану Роналду өз құрметіне музей ашпақшы

Музей Роналдудың дүние есігін ашқан, алғаш спорттық жолын бастаған Португалияның Мадейра аралында ашылмақшы. Музейге 28 жастағы футболшының жұлдыздық карьерасына байланысты жетістіктері, естелік сыйлықтары, суреттері мен жүлделері қойлмақ.

БӨЛІСУ

Салтанатты ашылу рәсімі 15 желтоқсанда болады деп жоспарлануда. Бұл жайлы Роналдудың өзі Мадейрадағы анасына, ұлы кіші-Криштиану Роналдуға барған кезінде мәлімдеген екен. Сол кезде көрмеге байланысты соңғы жұмыстардың да басын қайтарып келген көрінеді. Роналду «Алтын доп» - 2013 жүлдесіне музейдің бір орнын дайындап қойғанын баса айтып өтті.

Роналду осы маусымда «Реал» сапында ресми 18 ойын өткізіп, 25 доп соққан. Оның төрт добы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы басты бәсекеге билет алып берген қосымша ойында соғылған.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: lenta-ua.net