Дмитрий Огай «Қайсарды» жаттықтырады

Дмитрий Огай «Қайсарды» жаттықтырады

Белгілі білікті бапкер Дмитрий Огай қызылордалық «Қайсар» командасын жаттықтыратын болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Қазақстан маманы Дмитрий Огай мен «Қайсар» клубының басшылығы қызметтестік жөнінде өзара мәмілеге келді. Жаттықтырушы оқу-жаттығу жиыны барысындағы дайындық жоспарын жасап та үлгерді. Желтоқсанның 10-ы күні «Қайсар» Түркияда өтетін бірінші жаттығу жиынына аттанады», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осы маусымда бірінші лигада бірінші орын алған қызылордалық «Қайсар» премьер-лигаға жолдама алған еді. Ал қызметіне жаңа кіріскен бапкер Дмитрий Огай осыған дейін ресейлік «Урал» сосын «Нефтехимик» командаларын жаттықтырып келген болатын. Еліміздің де бірнеше белді футбол клубтарының тізгінін ұстаған.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай