Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Андре Уорд: "Мен Головкиннің әлсіз тұстарын білемін"

Андре Уорд: "Мен Головкиннің әлсіз тұстарын білемін"

Андре Уорд:

Орта салмақтағы әлемнің үздік боксшыларының бірі, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, америкалық Андре Уорд қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің осал тұстарын жақсы білетіндігін мәлімдеді. Бұл жөніндегі MMAboxing.ru порталы хабарлады.

«Мен үшін кіммен болса да шаршы алаңға шығу қиындық туғызбайды. Бұл жағынан мен ешкімнен қашқан емеспін. Мен Головкинді сыйлаймын, алайда оның әлсіз тұстарын да жақсы білемін. GGG тамаша боксшы, бірақ оның қаншалықты мықты екенін де білемін. Головкин Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ал оның кәсіби рингтегі жетістігіне келер болсам, ол осы күнге дейін бірде-бір мықты, ел таныған боксшымен шығып көрген жоқ. Қазір сіз оның командасынан «Супер орта салмаққа ауысып, кездесу өткізгіңіз келе ме?» деп сұрап көріңіз. Меніңше олардың бұл ұсынысқа «иә» деп жауап беруі екіталай. Сондықтан нақты шешім шығара алмайтын команданың боксшысын менімен теңестірудің қажеті шамалы»,-дейді Уорд.

Одан бөлек, осыған дейін Головкинге қарсы кездесуде жеңіліске ұшыраған британдық Мэттью Маклин: «Головкинді жеңе алатын боксшы болса, ол – Андре Уорд немесе керісінше», – деген болатын.  

Айта кетейік, қазіргі кезде Геннадий (GGG) Головкин мен Андре (S.O.G) Уорд екеуі екі бөлек салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүр. Ал егер Гена Уордқа қарсы жекпе-жекке шығамын десе, оған шамамен төрт келідей салмақ қосу керек.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: boxing.ru

1478 8
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 18 қараша 2013, 18:29
Пікірлер
+0
18 қараша 2013, 20:06

Бәрі осылай қорқытып бастайды екен!

+0
18 қараша 2013, 21:29

Қорқытқаны емес, ГГГ-ге төтеп бере алатын осы Уорд сияқты. Егер жұдырықтаса қалса...... қорқамын бірдеңені дөп айтуға.. :?

+0
18 қараша 2013, 21:35

Бұның бәрі әдейі айтылған сөздер ГГГ нің психикасын өзгерту үшін

+0
18 қараша 2013, 22:05

Уорд тек 5 раундтан кейін бастайды, оған дейін шаршатып алады қарсыласын,

+0
18 қараша 2013, 22:11

Мойындау керек, Уорд мықты, техникалық жағынан шебер боксшы

+0
19 қараша 2013, 10:05

ГГГ Мартинес немесе осымен шыгу керек егер женип жатса рейтингиси ушады ГГГ-нын

+0
19 қараша 2013, 10:10

Дұрыс айтасыз, Ғалымжан

+0
20 қараша 2013, 09:53

ой мынау ма Андре Уорд деген. "бой"-ларын көрсем жай ғана екен. сорайып алып еңкейе береді екен. ал біздің ГГГ ондық нокаутердің үштігіне іліккен сиякты егер мен кателеспесем. ГГГ бойлары көбісі нокаутпен. просто алдын ала анау мынау деп былжылдай береді, 2014 жылы кездесип калар, сол кезде кореміз, қайсының әлсіз тұстарын жаксы пайдаланады екенин

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...