Роналдинью Еуропаға оралғысы келеді

Роналдинью Еуропаға оралғысы келеді

Бразилиялық «Атлетико Минейро» командасының жартылай қорғаушысы Роналдинью өзінің спорттық мансабын Еуропада аяқтағысы келеді. Ол осыған дейін Еуропаның «ПСЖ», «Барселона» және «Милан» клубтарында ойнаған болатын.

Әлемге танымал жартылай қорғаушы өзінің Еуропадағы спорттық мансабын 2001 жылы «ПСЖ» сапында бастаған. 2001-2003 жылдар арасында «Пари-Сен-Жирмен» клубында ойнаған футболшы 55 кездесу өткізіп, 17 гол соққан екен. Кейіннен Рональдиню «Барселонаға» ауысты. Футболшының спорттағы жұлдызы осы каталондық команда сапында жанды десек болады.

Қазіргі таңда «ПСЖ» Еуропадағы алпауыт командалардың қатарында. Мен спорттық мансабымды осындай ірі клубта аяқтағым келеді. Бірақ бұл туралы әлі толық ойланбаппын – деді Роналдинью.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін ағылшынның әйгілі футболшысы Дэвид Бекхэм спорттық мансабын осы «ПСЖ» құрамында аяқтаған еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footballtransfer.ru

Ө. Сансызбай