2015 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

О Сансызбай Корреспондент
2015 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

2015 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Астанада өтетін болды. Бұл туралы 25 қыркүйек күні халықаралық дзюдо қауымдастығы кезекті отырысында қабылдаған шешімнен кейін белгілі болды.

БӨЛІСУ

Аламан туралы кең көлемдегі ақпарат 28 қыркүйек күні Алматыда өтетін арнайы баспасөз-конференциясынан кейін нақтылана түспек. Оған Қазақстан дзюдо қауымдастығының президенті Кеңес Рақышев пен Халықарарлық дзюдо қауымдастығының президенті Мариус Визер қатысады.

Әлем чемпионаты кезінде 2016 жылғы Олимпиада ойындарына жолдамалар да сарапқа салынады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін қыркүйек айының 27-29 жұлдызында Алматы қаласында тарихымызда тұңғыш рет дзюдодан әлемдік «Гран-При» бәсекесі өтетінін хабарлаған болатынбыз. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін додада жерлестерімізге қолдау білдірейік!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz