"Реал" Касильясты Де Хеаға ауыстырмақ

Мадридтік «Реал» командасы «Манчестер Юнайтед» қақпашысы Дави де Хеаға қызығушылық танытуда. Бұл туралы El Confidencial-ға сілтеме жасай отырып sports.ru сайты хабарлап отыр.

Аталған сайттың мәліметіне сүйенсек, «қызыл сойқандар» қақпашысы мен оның агенті Жорже Мендеш испандық клубқа ауысуға дайын екендіктерін хабарлаған.

Сонымен қатар, «корольдік клуб» басшылығы Давид де Хеаны Икер Касильяспен ауыстырудың жолын да қарастырып жатқан көрінеді.  Жақында ғана Чемпиондар Лигасында негізгі құрамға шыққан қақпашы «Галатасарайға» қарсы кездесудің 15-ші минутында жарақат алып қалған болатын. Қазір Икер команданың жаттығуларына қайта оралды.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 22 жасар манкуниандық команда қақпашысы 2011 жылдан бері ағылшын премьер-лигасында 62 кездесу өткізіп, 61 голды өз қақпасына жіберіп алған. Ал Икер Касильяс 1998 жылдан бері «Реал» намысын қорғап келеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді