Кличко Ларри Холмстың нәтижесін басып озды

Кличко Ларри Холмстың нәтижесін басып озды

Украиндік былғары қолғап шебері Владимир Кличко аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағына ең ұзақ иелік еткен боксшылар тізімінде екінші орынға көтерілді. Бұл туралы ағайынды Кличколардың фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларында хабарланған.

4 маусым күні Владимир Кличко бұл атақты жеті жыл, үш ай 12 күн иелік еткен америкалық былғары қолғап шебері Ларри Холмсты үшінші сатыға ығыстырды.

Бұл тізімнің көшін тағы да бір америкалық былғары қолғап шебері Джо Луис бастап тұр. Ол чемпиондық атақты 1937 жыл мен 1949 жыл аралығында өзінде ұстаған. Яғни, 11 жыл, сегіз ай және сегіз күн.

Ал Владимир Кличко болса IBF (Халықаралық боксшылар федерациясы) тұжырымындағы алғашқы чемпиондық атағына 2006 жылдың 22 сәуірінде қол жеткізген. Кличко ол кезде чемпиондық атақты америкалық боксшы Крис Бердтан мұра етіп алды. Сол уақыттан бері ол чемпиондық атағын 14 мәрте қорғаған. IBF тұжырымындағы чемпиондық атақтан басқа Владимир WBO (Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы) және WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) тұжырымындағы чемпиондық атақтары да бар.

Ағайынды Кличколардың кішісі өзінің кезекті чемпиондық атағын 2013 жылдың 5 қазанында қорғайтын болады. Бұл кездесуде украиндық былғары қолғап шеберіне ресейлік Александр Поветкин қарсы тұрмақ.

Айта кетейік, Ларри Холмс 1978 жыл мен 1983 жылдары арасында аса ауыр салмақта WBC (Бүкіләлемдік бокс одағы) тұжырымының чемпионы болған. Сондай-ақ, 1984 жыл мен 1985 жылдар арасында IBF дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеген. Холмс 20 рет өзінің чемпиондық атағын сәтті қорғаған.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: lenta.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды