- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Мүгедек жігіттің турниктегі...
Мүгедек жігіттің турниктегі кереметі
Украиндық Михаил Нелюбов белтемір (турник) үстінде таң-тамаша дүниелер жасап келеді. Вознесенскіден шыққан 22 жастағы жас жігіт мүгедек екен.
Дене мүшелерінің осалдығы Михаилды еш қиналтпайды. Әкесі төрт жасында үйреткен (үйде екі қолды жерге қойып, аяқты тік көтеріп жүру) жаттығулар футболшы болам деген арманына септеспесе де, белтемір мен қырлы бөренемен (брусья) ойнауына үлкен алғышарт болып отыр.
"Жаз күндерінің бірінде көшеде достарыммен кетіп бара жатқан едім. Белтемірдің қасында біраз бөгеліп қалдық. Қолымыз бос, ешқандай қысылтаяң шаруа жоқ болатын. Бір қарасақ, ойын алаңында бір топ жігіт жүр екен. Олар осы жерде бір-екі аптадан соң жарыс болатынын, жарысқа қатысу мүмкіндігі туралы айтты. Содан не керек, интернет беттерін біраз парақтап, күнде жаттыға бастадым. Жарыстың қорытындысы бойынша, үздік үштіктің қатарынан табылдым" - дейді Миша.
Стрит-воркаут саласында "Мықты жүрек" деп аталып кеткен украиндық жігіт бүгінде үлкен-үлкен ірі додаларда жүр.
"Менің мүгедектігім - бұл трагедия емес. Мен адамдарға мүмкіндіктің мол екенін және ешқандай шектеудің жоқ екенін айтқым келеді. Оларды өз қолымызбен жасаймыз", - дейді ол.
сурет:newsru.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига