Өзгеше спорт түрлері

Өзгеше спорт түрлері

Футбол, баскетбол немесе бейсболдан хабардар емес жан жоқ шығар. Миллиондаған адамдар спорттың осы түрлері үшін жандарын қиюға бар. Ол қатарда еріксіз тәнті қылып, таңдай қақтыратын спорт түрлерін де айта кетуге болады.

Айтпақшы, бала кездегі "Қызыл ту" ойыны есіңізде болар?! Міне, сол ойынның "Кабадди" ойынымен өте-мөте ұқсастығы байқалады.

Ойынның басты шарты: қарсылас жақ шекараға өтіп барып, сол жақтың адамдарының бірін түртіп, кері қайтып кету. Ұсталып қалған жағдайда немесе қарсыластың қолы бірінші тиген болса, онда арғы бетке ұпай беріледі.

Ендеше, өзгеше спорт түрлері:

 Куперсхилд жарысы

Глостер сырының екі орам қаптамасы үшін жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам Котсуолд шатқалына аттанады. 

Ойынның басты шарты: сырдың екі орам қаптамасына бірінші жету.

 Хёрлинг

Футбол, бейсбол және хоккей спорт түрлерінің бір арнаға тоғысқанын көріп пе едіңіз? Сөйтсек, болады екен. Мәселен, ирландықтар футбол жейдесі мен қорғаныш бас киімін киіп алып, қолдарына таяқ ұстап өнер көрсетуге дағдыланған. 

Ойынның басты шарты: қарсыластың қақпасына доп соғып, көбірек ұпай жинау.

 Фин жүгірісі

Финляндияда бір жыл сайын әйелдерінің бастарын төмен қаратып алып, бөгеттермен жүгіретін ерлер жарысы өтіп тұрады.

Ойынның басты шарты: 250 метрлік бөгеттерден сүрінбей өту. 

Басты жүлдеге әйелдің салмағына пара-пар жергілікті сыра бұйырады.

 Итонский ойыны

Бір қарағанда регби мен футболға ұқсайтын секілді. Англияның Итонский колледжінің студенттеріне арналған ойын. Қабырғаға жанасып жүріп, кез келген ойыншы басты нысанаға (есік те, ағаш та болуы мүмкін) доп тебуге мүмкіндік алады.

Ойынның басты шарты: доп тебу мүмкіндігіне ие болу.

Бір қызығы, ең соңғы гол 1909 жылы соғылған.

 Джай-алай

Бадминтон мен гандбол ойынының қосындысы есепті қарастырылады.

Ойынның басты шарты: шөмішке келіңкірейтін ракеткамен қарсылас жақ қабырғаға доп соғу. Өз кезегінде қарсылас допты жерге жеткізбей қақшып алуы тиіс.

Шахбокс

Айтпаса да, түсінікті... 

Тізе қағыстыру біріншілігі

Ойынның басты шарты: қарсыласты тізе соққысымен жығу қажет.

 Боссабол

Бразилия. Кәсіби ойыншы былай тұрсын, жай ерікті адамның өзі де жағалау валейболында шырқау биікке көтеріліп, керемет соққы жасай алады. Ол үшін, шабуылдаушы жаққа арнайы батут қойылмақ.

Скибоб

Қысқы спорт түрі. Сноуборд пен шаңғы орнына велосипед тебуге қалай қарайсыз?

Шұбалшын табу жарысы

Ұлыбританияның ұлттық спорт түріне жатады. Ойынның басты шарты: жарты сағат ішінде өзіңізге берілген 3х3 метр жерден шұбалшын табу. Ойын уақыты: 30 минут.

сурет:list25.com; telegraf.com.ua; menshealth.com.ua 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига