Марадона мәңгілік сапарға аттанды

Марадона мәңгілік сапарға аттанды

Әлемге әйгілі аргентиналық футболшы Диего Армандо Марадона 61 жасында көз жұмды. Бұл туралы Clarin басылымы хабарлады.  

Футбол аңызы Буэнос-Айрестің Нордельта ауданындағы өз үйінде қайтыс болған. Жүрегі сыр берген Марадонаны дәрігерлер аман алып қала алмаған.

Аргентиналық тұлғаның денсаулығы осыған дейін де сыр беріп жүрген. Жуырда ғана миына қан құйылып, ота жасатқан болатын.

Диего Марадона – Аргентина футболының аңызы. Жасыл алаңдағы жарқын ойынымен талай жанкүйердің жүрегін жаулаған талант иесі еді. Ұлттық құрама сапында сіңірген еңбегі ерен.

Даңқты тұлғаның қайтыс болуына байланысты Аргентинада қаралы күн жарияланбақ. Халық үш күн Марадонаның қазасын аза тұтады.



ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар