Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Аңыз Кобидің 17 жастағы жасөспірім Кобиге жазған хаты

Аңыз Кобидің 17 жастағы жасөспірім Кобиге жазған хаты

Аңыз Кобидің 17 жастағы жасөспірім Кобиге жазған хаты

АҚШ Ұлттық баскетбол қауымдастығындағы "Лейкерс" командасының аңыз ойыншысы Коби Брайант Калифорния штатындағы Калабасас қаласында тікұшақ апатынан қаза тапты. Осыған орай аңыз ойыншының 17 жастағы өзіне жазған хатын ұсынамыз. 

***

Қымбатты, 17 жастағы Коби!

Ертең “Лейкерсте” ойнаймын деген арманың орындалады. Болашақта отбасың мен достарыңды қалай инвестициялау керек екенін ойластыруың керек. Бұл нәрсе қарапайым, ақыл мен уақытты аса қажет етпейтін сияқты сезілуі мүмкін. Бірақ, осыған көңіл бөл. 

Себебі, оларға, олардың болашағына инвестициялау керек.

Жәй ғана беру жарамайды.

Түсіндірейін.

Шын мәнінде, кейде айналаңдағыларды қаржылай қолдау сенімді қадам сияқты көрінеді. Өйткені олар қиын күндерді бастан кешкеніңде жаныңнан табылды, өсу жолыңа куә болды. Енді сенің қаржылай тәуелсіздікке қол жеткізген кезде оларға қымбат автокөлік, салтанатты сарай сатып алып бересің. Себебі, олардың материалдық жағынан жақсы өмір сүргенін қалайсың. Солай емес пе?

Бірақ, бір күндері сен жақын адамдарыңның қалай масылға айналып, өзің де оларды айналаңнан шығармай, үнемі жағдайын жасай беретініңді сезбей қаласың. 

Сен бұлардың барлығын олардың пайдасы үшін емес, өзің үшін, жақындарыңның жабырқау көңілін көтеру үшін жасағаныңды түсінесің – бұл өзімшіл әрекет болмақ. Сен “жақындарыма қамқорлық жасап жатырмын” деп өз-өзіңе көңілің толып жүргенімен олардың арманы мен өмірге деген құлшынысын жоятыныңды ұмытпа! Жақындарыңа материалдық қажеттіліктерді сыйлағаныңмен, өмірдегі басты сыйлықтар: тәуелсіздік пен өсу жолынан адастырасың.

Енді отбасының басшысы ретінде басқалар түсіне бермейтін қиын шешімдердің қабылдауыңа тура келеді. Сондықтан, жақындарыңның болашағына алаңдасаң, оларға ақша берме, болашағына инвестиция жаса.

Мансабың мен атағыңды пайдаланып жанашырларыңның өмірде қалаған арманына жетуіне көмектес. Жұмыс істеуді үйрет, олар тәуелсіз өмірінің басшысына айналуы үшін қолыңнан келгеніңінің бәрін жаса. Өзің жұмыс істегендей оларды да солай көп еңбектенуге шабыттандыр. Бұрын қайда болғаныңа, бүгін қай жерде екеніңе олардың көзі жетсін. 

Мен бұл хатты сенің бәрін түсініп, қазірден бастап іске кірісуің үшін жазып отырмын. Егер қазірден бастап осыларды қолға алмасаң салдары ауыр болуы мүмкін. Осы айтқандарымды қазір түсінсең, болашақта жақындарыңның ешқайсысы есірткіге тәуелді болмайды. Олар қорқыныш, тәуелділік, ашушаңдық пен реніштен аулақ болады. 

Уақыт өте келе, олардың барлығы өздігінен қалай дамитынын, алға қойған мақсаттарына жететінін көресің және сенің қарым-қатынасың  осындай жылы болуы керек екенін түсінесің.

Мен болашақ туралы саған бұдан да тереңірек сөздер жаза алатын едім. Бірақ, сен 17 жастағы жасөспірімсің. Қазір ондай терең мәтіндерге көңіл бөлуің аса қажет емес. 

Келесі хатымда мен саған туыстарыңды бизнеске қалай баулу керек екендігі туралы айтамын. Әзірге ата-аналар қаржы директоры емес,  ата-ана болып қалуы керек.

Алғашқы келісім-шартқа қол қоймас бұрын, оның қай бөлігі ата-анаңның әдемі өміріне, қай бөлігі бизнесті дамытып, кірісті көбейте алатындығын ойлан. Тек, осы жолмен ғана сенің немерелерің мен шөберелерің – жалпы әулетіңнің болашағы үшін инвистиция салуды жалғастыра аласың.  

Жақында сенің өмірің өзгереді. Көп нәрсе құлдырайды. Бірақ кезекті 9  сағаттық жаттығудан соң шаршап ұйықтау алдында оның бәрін ұмыт. 

Маған сен, өміріңді қазірден бастап жоспарласаң болашақтағы қиындықтарды оңай жеңесің. Кейбір қателіктерден айналып өтесің. 

Ізгі махаббатпен,

Коби.

0
Рейтинг: +3

Фото: facebook.com
Қосылған күні: 27 қаңтар, 11:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.