Әли кездескен әлем спорты жұлдыздары

Әли кездескен әлем спорты жұлдыздары

Екі аяқсыз туған Әли Тұрғанбеков өмірдің қиындығына мойымай, керісінше қарсы бетке жүзіп келе жатқан нағыз батыр ұлдардың бірі. Оны екі аяғы мен қолы жоқ әлемге танымал мотиватор Ник Вуйчичке теңейді. 

11 жасар Әли екі аяғының жоқтығына қарамастан футболды жақсы көреді. Арманы футболшы болу еді. Дегенмен ол ала доп ойынынан алыстамаған. Керісінше әлемдік деңгейдегі футбол жұлдыздарымен доп теуіп, достасып кетті.

Әлидің танымал тұлғалармен танысуы осыдан екі жыл бұрын басталған еді. Ол 2017 жылы өткен халықаралық іс-шарада Ник Вуйчичпен жолығып танысады. Бала Әли мұнымен тоқтап қалмауды шешеді. Араға бір жыл салып ол футбол аңызы Диего Марадоннаға кездесу туралы бейнежолдау жөнелтеді. Ұзақ уақыт өтпесен аргентиналық жаттықтырушы оны шақыртып, командасының жаттығу жұмыстарымен таныстырып, бірге доп тебеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Diego Maradona (@maradona)25 Апр 2018 в 10:09 PDT

Өткен жылдың қараша айында Әли Тұрғанбеков "Пари Сен-Жермен" клубының жабық жаттығуына қатысып, Неймар, Эдинсон Кавани және Килиан Мбаппемен доп тепті.  Футболшылармен кездесуге ҚР тұңғыш президенті қоры демеушілік еткен: "Әлидің кумирлері өте көп. Неймарды құшақтап, әңгімелесті. Оны алаңға әкелгенде арбадан секіріп кете жаздады. Көңілі көтеріліп, қуанып қалды", – дейді анасы Ақмарал Әмреева.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Edinson Cavani (@cavaniofficial21)31 Окт 2018 в 7:28 PDT


 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)31 Окт 2018 в 9:41 PDT

Жаңа жылды Әли жаңа таныстықпен бастады. Ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы "Астана" клубының ойыншыларымен кездесіп, команда капитаны Ненад Эричпен жақсы дос болды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)28 Фев 2019 в 5:32 PST

Одан кейін алматылық "Қайрат" пен оның президенті Қайрат Боранбаевпен танысты. Дәл осы кісі бала Әлидің біраз арманын орындап, танымал футболшылармен кездесуге септігін тигізді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)15 Мар 2019 в 8:32 PDT

Әлидің 2019 жылғы танысты Украинада жалғасты. Ол Украина құрамасының футболшылары мен бас бапкері Андрей Шевченкомен жолықты. Киевте өткен жаттығуда Әли Тұрғанбеков өзінің кумирімен суретке түсіп, "Манчестер Сити" футболшысы Александр Зинченкомен ойнаған. 

Cәуір айында Әли Тұрғанбеков әлемнің үздік футболшыларының бірі саналатын әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Мессимен кездесті. Сондай-ақ "Барселона" командасының жаттығу жиынына қатысты. Әли Тұрғанбеков Лионель Мессимен бірге суретке түсіп, Қазақстаннан алып барған шоколадын сыйлады. Әлеуметтік желідегі парақшасында кездесуден алған әсерін ерекше жеткізді. "Месси басымнан сипаған сәтте ерекше сезімде болдым. Барлығы үшін Жаратқанға алғысым шексіз. Сеніңіздер, шын ниетпен сұраңыздар, бәрі өз қолдарыңызда! Мен армандадым, ата-анам орындауға тырысты, Жаратқан жар болды", - деп жазды Әли.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)21 Апр 2019 в 4:33 PDT

Футбол маусымы аяқталған түста Әли Стамбулда өткен "Ливерпуль" мен "Челси" клубтары арасындағы УЕФА Суперкубогының марапаттау рәсіміне қатысты. Ойынның марапаттау рәсіміне Әли Тұрғанбеков арнайы қатысып, барлық ойыншылардың қолын алды. Ал жеңімпаз атанған "Ливерпуль" командасының капитаны Джордан Хендерсон қазақ баласына УЕФА Суперкубогын ұстатып, құрмет көрсетті. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)16 Авг 2019 в 3:03 PDT

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)6 Сен 2019 в 9:10 PDT

Ал матчтың алдында Әли "Ливерпульдің" жабық жаттығуына қатысып, сүйікті ойыншыларының бірі Мохамед Салахпен бірге суретке түсті.

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі "Астана" - "Манчестер Юнайтед" матчында Әли Тұрғанбеков "МЮ-дің" капитаны Джесси Лингардпен бірге футболшыларды алаңға бастап шығарды. 

Биыл желтоқсан айында Әли Тұрғанбеков үш бірдей танымал спортшымен жолықты. Алдымен ФИФА әлем чемпионатының жартылай финалында "Ливерпуль" мен "Монтерей" ойынында болып, "Барселонаның" бұрынғы ойыншысы Хави және "Реалдың" қақпашысы болған Икер Касильяспен кездесті. Әли Instagram желісіндегі парақшасына Хавидің қазақша "Алға, Қазақстан!" деген видеосын жүктеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)20 Дек 2019 в 8:59 PST

Алматы өткен аралас жекпе-жек кешінде Әли жеңіл салмақта UFC чемпионыХабиб Нурмагомедовпен кездесіп, өзінің бұрыннан бергі арманын орындады. Ол UFC сарбазына "ПСЖ" футболшылары қол қойған добын тарту етті, онымен футбол ойнады. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Khabib Nurmagomedov (@khabib_nurmagomedov)24 Дек 2019 в 9:53 PST

Оған қоса Хабиб Нурмагомедов бала Әлиге оның кумирі Криштиану Роналду кездестіруге уәде беріп, араға апта салмай сөзінде тұрды. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)29 Дек 2019 в 2:05 PST

"Сізбен танысқаныма қуаныштымын, Әли. Расында шабыт бересіз" - деп жазды Роналду өзінің Instagram парақшасында. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)30 Дек 2019 в 12:39 PST

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен