- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Еуропа чемпионатына қатысқан...
Еуропа чемпионатына қатысқан ең егде футболшы мансабын аяқтады
Венгриялық қақпашы Габор Кирай 43 жасында мансабын аяқтады. Бұл туралы соңғы жылдары ойнаған "Халадаш" командасының ресми сайты хабарлады.
2016 жылы Габор ұлттық құрама сапында Францияда өткен Еуропа чемпионатына қатысты. 40 жастағы ойыншы жай қатысып қана қоймай, жарыс тарихында өз есімін де қалдырды. Еуропа чемпионатына қатысқан ең егде футболшы атанып, командасының 1/8 финалға дейін шығуына көп көмегін тигізді.
Қақпашы өзіндік ерекшелігімен де жанкүйерлер есінде қалды. Мажар елінің мақтанышы болды. Оның алаңға шалбар киіп шығып ойнайтынын көпшілік көпке дейін ұмытпасы анық.
Габор Кирай осы маусымда "Халадаш" командасы сапында 24 ойынға қатысып, қақпасына 37 рет доп өткізген. Бұл командадан өзге ол Еуропаның "Фулхэм" (Англия), "Бернли" (Англия), "Кристал Пэлас" (Англия), "Астон Вилла" (Англия), "Герта" (Германия), "Байер" (Германия) және "Вест Хэм" (Англия) командаларының сапында ойнаған.
О. Сансызбай