Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Өлім аузындағы сәт: Ең қауіпті 5 спорт түрі

Өлім аузындағы сәт: Ең қауіпті 5 спорт түрі

Өлім аузындағы сәт: Ең қауіпті 5 спорт түрі

Массагет әлемдегі ең қауіпті 5 спорт түрін ұсынады.

Сонымен бастайық...

5. Бұқадан қашу

в

Бұл спорт түрімен айналысатын санаулы ғана ел бар. Дегенмен ең танымалы - Эрнст Хэмингуейдің өзі шығармасына түсірген испаниялық қала Памплон. Жүгірістің мақсаты - ашулы бұқадан қашып аман қалу. Бұл қызықты оқиғаға әдетте бірнеше жүздеген адам қатысып қызықтайды. Айта кетелік, әрбір осындай жүгірістен жылына 300 шақты адам жараланып, медициналық көмекке жүгінеді.

4. Мотожарыстар

ва

Өте қауіпті спорт түрлерінің бірі. Мәселен 100 жылдық тарихы бар The Isle of Man TT мотожарысында осы уақытқа дейін 220 адам қаза тауып, өмірден озды. Бұл жерде ешкім 100 пайыздық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Үлкен жылдамдықтар, қиын бұрылыстар, трассадағы түрлі кедергілер - бәрі-бәрі өлім аузына итермелеп тұрады.

3. Биік шыңға өрмелеу

ва

Статистика бойынша Эверестке өрмелеуге тырысқан әрбір алтыншы спортшы өлім құшады. Альпинист бұл мақсатта түрлі қауіпті жағдаларға тап болады. Қарапайым ғана көлшіктерге батып кетуі де мүмкін. Гипоксия, гипотермия, үсік шалу секілді дұшпандарды айтпасақ та болады. Құтқарушы тікұшақтың таудың барлық бөлігіне ұшып бара алмайтындығын тағы қосыңыз.

2. Бейсджампинг

ва

Халық аузында "бұл спортты өзін өлтіруге бел буып, бірақ мақсатына жете алмаған жан ойлап тапты" деген сөз бар. Қалай болғанда да, биіктен секіруге құмар бұл спортшыларды қазірдің өзінде ел "өзін-өзі өлтірушілер" деп атайды. Айта кетелік, орташа есеппен жылына еркін құлауға құмар 10 адам жан тапсырады.

1. Үңгірдегі дайвинг

в

Бұл спорт түрінің қаншалықты қауіпті екендігін сезіну үшін аквалангпен жүзу кезіндегі қиындықтарға белгісіз аймаққа енудегі қауіп-қатерді қосыңыз. Айналадағы көріністің нашарлығы, тар аудандар мен уақыттың шектеулілігі сүңгуірлердің адасып қалып, ауаның жеткіліксіздігінен жан тапсыру мүмкіндігін молайтады. Айта кетелік, 1960 жылдан бері 500-ден аса аквалангист өмірмен қош айтысқан.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: izismile.com, top5s.net

4611 9
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 қараша 2012, 17:05
Пікірлер
+0
06 қараша 2012, 18:23

Бәрібір бұқадан қашып көргім келеді :D

+0
06 қараша 2012, 18:30

Бұл қатарға Формула 1 және боксты да қосса болады. Спорт тарихында осы екі спорт түрінен де адам көп мерт болған

+0
07 қараша 2012, 22:56

сосын ана қыстық спорт түрі бар ғой, бір шанаға 4 адам мініп жарысатын ше уақытқа. меніңше, ол да қауіпті спорт

+0
06 қараша 2012, 22:55

ал менің биіктен секіргім келеді... Биіктіктен қатты қорықсам да

+0
07 қараша 2012, 03:57

Былайнша көшеде келе жатсан иттерден кашамыз го

+0
07 қараша 2012, 08:48

бұл спорттың Бейсджампинг аталатынын білмеппін)

+0
07 қараша 2012, 09:10

Драйв,осы спорт түрін ұнатам

+0
07 қараша 2012, 19:22

менде биктен секирип коргим келед

+0
17 қараша 2012, 00:55

Букадан кашканда алдымызда не болсада тапап отетин шыгармыз!!! :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...