Геннадий Головкинге жанкүйерлік танытатын танымал тұлғалар

Геннадий Головкинге жанкүйерлік танытатын танымал тұлғалар
Фото: google.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жанкүйерлік танытатын жандар елімізде кемде-кем. Тіпті отандасымыздың өзге ел, өзге ұлт өкілдерінен де фанаттары жетерлік. Олардың қатарында әлем танитын танымал тұлғалар да бар. Солардың бір қатарын айта кетейік.

1. Златан Ибрагимович

Әйгілі швед футболшысы Генаның танымал жанкүйерлерінің бірі. 2016 жылы Келл Брукпен өткізген жекпе-жегінен кейін Златан боксшыны арнайы келіп құттықтаған болатын.

2. Криштиану Роналду

GGG «Реал» футбол клубының жанкүйері. Португалдық шабуылшы Криштиану Роналдуды әлемнің үздік футболшысы санайды. Мадридтік клубтың көшбасшысы да Генаға жанкүйерлік танытатын тұлғалардың бірі. Отандасымыздың 34 жасына Роналду қолтаңбасы қойылған жейдесін сыйға тартқан болатын.

3. Жан Клод Ван Дамм

Генаның шаршы алаңға шыққандағы жекпе-жегін қалт жібермейтін танымал жанкүйерлерінің бірі – Жан Клод Ван Дамм. Америкалық актер, режиссер, сценарийші, аралас жекпе-жек шебері 2016 жылы Доминик Уэйдпен өткізетін кездесуі алдында арнайы келіп, сәттілік тілеген еді.

4. Ронда Роузи

Қыздар арасында ережесіз жекпе-жекте есімі танылған спортшы Ронда Роузи Генаның ең танымал жанкүйерлерінің бірі.

5. Мэнни Пакьяо

Әйгілі филиппиндік кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо да қазақстандық боксшыға тілектес жандардың бірі.

6. Питер Динклейдж

Танымал америкалық актер бокс спортын жақсы көреді. Әсіресе Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін үзбей көретін жанкүйерлерінің бірі.

О. Сансызбай