Собрал: "Португалияның Халық батыры - мен емес, Роналду!"

Собрал: "Португалияның Халық батыры - мен емес, Роналду!"
Фото: коллаж

"Eurovision-2017" музыкалық халықаралық конкурсының жеңімпазы португал Сальвадор Собрал БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында өзін Халық батыры санамайтынын айтты. Португал халқы үшін мақтан тұтар тұлға – Роналду екенін тілге тиек етті.

-  Мен – Халық батыры емеспін. Португалияның Халық батыры - Криштиану Роналду! Ол ұлт жадында қалатын тұлға. Мен қарапайым өмірімді қайта жалғастырғым келеді. Осындау жетістікке жеткеніме қуанамын, бірақ бұл өтеді де кетеді, - деді әнші.

Айта кетейік, Сальвадор Собрал жүрек ауруына байланысты конкурсқа 7 мамырда ғана келген. Конкурс алдындағы дайындықтарға қатыспаған. Бала кезінен жүрегі ауыратын 27 жастағы әнші, БАҚ-тың мәліметінше жыл соңына дейін донор табуы тиіс. 

Ө. Сансызбай