Месси екінші ұлының есімін Матео деп қойды

Месси екінші ұлының есімін Матео деп қойды
Фото: eurosport.ru

Каталондық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Мессидің отбасында екінші ұл бала дүниеге келді. Бұл туралы испан басылымы «Mundo Deportivo» хабарлап отыр.

Футболшының жары Антонелла Рокуццо екінші ұлын 11 қыркүйек күні дүниеге әкелген. Месси отбасымен ақылдаса келе ұлының есімін Матео деп қойыпты.

Айта кетейік, Месси мен Антонелла Рокуццоның Тьяго есімді ұлдары 2012 жылы дүние есігін ашқан еді. Футболшы ерекше қуанышына орай каталондық клубтың «Атлетикоға» қарсы өтетін ойыны алдындағы оқу-жаттығуына қатыспады. 

Ө. Сансызбай