Жан-Клод Ван Дамм танымал биін 26 жылдан кейін есіне түсірді (видео)

Жан-Клод Ван Дамм танымал биін 26 жылдан кейін есіне түсірді (видео)
Фото: eurosport.ru

Голливуд жұлдызы, карате мен кикбоксингтен Еуропа чемпионы Жан-Клод Ван Дамм «Кикбоксер» фильміндегі биін 26 жылдан кейін қайталап билеп берді. Киноактер өзінің өнерін «Соnan» шоуының кешкі эфирінде көрсетті.

«Соnan» шоуының жүргізушісі Конан О'Брайан Жан-Клод Ван Даммнан «Кикбоксер» фильміндегі биін билеп беруді өтінеді. Голливуд жұлдызы ол бидің қимылдары есінде барын айтып, ортаға шығып билей кетеді. Алдын ала дайындалған екі актер оған қарсы шығып төбелеседі.

«Кикбоксер» фильмі 1989 жылы түсірілген болатын. Фильм 29 жастағы актерды әлемге танытқан танымал туындылардың бірі. Жан-Клод Ван Дамм 2015 жылы шығатын «Кикбоксер» фильмінің ремейкінде де ойнайды. Бұл жолы ол ұстаз шебер Чоудың ролін сомдамақ.

Айта кетейік, Жан-Клод Ван Дамм 1977 және 1982 жылдар аралығында карате және кикбоксингпен кәсіби түрде айналысқан. 22 кездесу өткізіп, 20-сын (13 нокаут) жеңіспен аяқтаған. Екі кездесуінде төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан. 

Ө. Сансызбай