Роналду командаласының соққан голына қуанбады (видео)

Роналду командаласының соққан голына қуанбады (видео)
Фото: AFP

Мадридтік «Реалдың» көшбасшысы саналатын Криштиану Роналду Испания чемпионатының ХХХIV тур ойындарында әріптесі Альбаро Арбелоаның «Альмерия» қақпасына соққан голына қуанбады.

Түнде өткен ойында «корольдік клуб» 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ойында бірінші болып Хамес Родригес есеп ашса, екінші тайм басында қонақтар қорғаушысы Дос Сантос өз қақпасына гол соғып алды. Ал үшінші гол кездесу аяқталуға аз уақыт қалғанда соғылған-ды. Хавьер Эрнандестің нәтижелі пасын бірінші болып қорғаушы Альваро Арбелоа пайдаланып, гол соққан еді. Ол болмағанда Роналдудың да гол соғуға үлкен мүмкіндігі бар-ды. Әріптесінің өзінен бұрын гол соғып кеткеніне португалдық шабуылшы ұнатпағандық сыңай танытқандай болды.

Бұл көрініс қазіргі таңда ғаламторда қызу талқылануда. Роналду болса нақты бір түсінік берген жоқ. Ал Альваро Арбелоа болса мұны шабуылшының Мессимен бәсекелесінің салдарынан деп түсіндірді.

- Мен гол соққанда Роналдудың көңілі бұзылғаны туралы ойламаймын. Ол оның гол соғуға деген құлшынысының ғана көрінісі. Оны бұл қылығы үшін ешкім де жазғырмайды. Себебі, ол Лионель Мессимен үздік сұрмергендік атаққа таласып келеді, - деді қорғаушы.

Қазіргі таңда Испания примерасында Роналду мен Мессидің арасын бір гол ғана бөліп тұр. Португалдық шабуылшы 31 ойыннан 39 гол соқса, аргентиналық сұрмерген 34 ойында 38 гол соққан.

О. Сансызбай