- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Ирина Шейк Роналдумен...
Ирина Шейк Роналдумен неге айырылысқанын хабарлады
Ресейлік сәнбике Ирина Шейк танымал футболшы Криштиану Роналдумен неліктен айырылысқаны туралы «Hola» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Ол 5 жыл қол ұстасып келген сүйіктісін сүйкімсіз және өзіне қауіпті жан ретінде бағалады.
- Нағыз еркек сенімді әрі адал болу керек. Өзін джентельмен сезініп, әйелдермен тіл табыса білуі тиіс. Мен бірақ, әйелдерді бақытсыздыққа жетелейтін ерлерге сенбеймін. Бір сөзбен айтқанда, олар еркек емес. Мен ойлағанмын, арманымдағы жігітті таптым деп, бірақ қателесіппін. Әйелдер жанында өзіне ұнамайтын жігіт жүрсе, өздерін ыңғайсыз сезінеді. Міне, маған да онымен бірге өмір сүру жағымсыз әрі қауіпті болды, - деген Ирина Шейк.
Айта кетейік, Криштиану Роналду мен Ирина Шейк арасындағы махаббат хикаясы - 2010 жылғы «Armani» жарнамасына түскеннен кейін өрбіген еді.
Сурет:tt.com
Оқи отырыңыз
Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады
Роналду 600-ші ойынында алаңнан қуылды (видео)
Криштиану қаңғыбастың образын сомдады (видео)
Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады
О. Сансызбай