Балотелли: Менің жымиғаным - маған сенгендерге арналады

Балотелли: Менің жымиғаным - маған сенгендерге арналады

Англия премьер-лигасының ХХV тур ойындары аясында «Ливерпуль» өз алаңында «Тоттенхэмді» ұтты. Сол ойында жеңіс голын соққан Марио Балотелли өзінің «instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына суретін жүктеп, қуанышымен бөлісті.

- Біз бүгін керемет кездесу өткіздік. Менің жымиғаным - маған сенгендерге, әрқашан қасымда болып қолдау білдірген жандарға арналады. Қолдауларыңызға үлкен рақмет! Алға, «Ливерпуль»! Қазір аспаннан жерге түсетін кез келді. Енді ерінбей жаттығып, тер төгетін боламыз, - деген шабуылшы хабарламада.

Айта кетейік, Марио Балотелли лондондық клубқа қарсы ойынында премьер-лигадағы алғашқы голын соқты. Ал осыған дейін ол екі гол ғана соққан болатын. Оның бірін Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Лудогорец» қақпасына енгізсе, екіншісін Англия лигасы кубогында «Суонси» қақпасына соққан еді.

Сурет: instagram.com

Оқи отырыңыз

Біз білмейтін Балотелли

Балотелли әлемнің ең белді адамдарының қатарына кірді

Балотелли өзіне арнап ескерткіш орнатпақ

Марио Балотелли Италия құрамасының тізіміне тағы да енбей қалды

Ө. Сансызбай