Серік Сәпиев үшінші қыздың әкесі атанды

Серік Сәпиев үшінші қыздың әкесі атанды

Лондон Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевтің шаңырағында қуаныш. Боксшымыз бүгін үшінші қыздың әкесі атанды. 

"Қазір мен өте қатты қуаныштымын, баланың денсаулығы, бәрі жақсы", - дейді Серік тілшілерге берген сұхбатында. Спортшының отбасы әзірше сәбидің есімін атаған жоқ. 

Сонымен қатар, ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко шаңырақ көтерді. Дычконың өмірлік жар етіп таңдаған қызының есімі - Марина. Cпортшы той аяқталысымен, шетелде өтетін оқу-жаттығу жиынына ұшып кеткен екен.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: caravan.kz, baq.kz

Н. Айдархан