Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Бақтияр Артаев – Вэл Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ

Бақтияр Артаев – Вэл Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ

Бақтияр Артаев – Вэл Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ

Бүгін – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаевтың туған күні. 2004 жылы Афинада өткен Олимпиадада көк байрағымызды желбіреткен батыр Бақтияр 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген. Бақыт есімді ағасы, Наруыз атты інісі, Әлинұр, Айзия, Айша атты ұл-қыздары бар. Жары Тұнғатова Салтанаттың мамандығы – экономист. 



Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков. 2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасында алтын медаль иегері, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы. Афинадағы жеңістен кейін өзінің туған өлкесінде бірнеше жыл бойы әкімшілік салада қызмет еткен болса, қазіргі таңда Астана қаласындағы президенттік кәсіби спорт клубының президенті. Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Бүгінде әлем мойындаған Генадий Головкинмен 14 жасында Шымкент қаласында алғашқы кездесуін өткізеді. Ел аузында қос спортшының бала кезден бергі достықтары, бүгінге дейін жалғасқан сыйластықтары аңыз болып айтылып жүр. Жоғарыда айтылған кездесуді мына жерден тамашалай аласыздар:


Бақтияр Артаев бокстан басқа футбол ойынын ойнағанды ұнатады. Бір сұхбатында өзінің бойындағы өнері туралы былай дейді: "Ән айтамын, тек өзімнің белгілі бір ортамда ғана. Өзіме тән қоңыр даусым бар. Мақтауға тұрар­лықтай емес, дегенмен әу демейтін қазақ жоқ дегендей, біраз шырқайтыным бар. Лирикалық әндерді айтқанды ұнатамын". Бос уақытысында Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін, Мұхтар Әуезовтің шығармалары мен Мұхтар Шахановтың өлеңдерін, газет-журналдарды оқығанды құп көреді. Балық аулау, аңшылыққа шығу да сүйікті істерінің қатарында екен. Ол өзінің бокстағы жылдарында бірде-бір рет нокаутқа түсіп, жарақат алмағандығын айтады.

2007 жылдың 21 наурызанан бері Тараз қаласында Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайы жұмыс істейді. Мұнда күніне 700-800-ден астам бала жаттығады екен. Аталған қалада Бақтияр Артаев туралы кітап жарық көрген.

Афина Олимпиадасында Қазақстанға мың алтынға бергісіз жүлдені сыйлаған батыр ұлдың туған күні қарсаңында спортшының өміріне фотошолу жасап көрдік. Бірге тамашалайық!









Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: sk-sport.kz, season.kz және Бақтияр Артаевтың mail.ru-дағы жеке парақшасынан

12869 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 14 наурыз 2014, 12:12
Пікірлер
+0
14 наурыз 2014, 12:19

уважаю!

+0
14 наурыз 2014, 14:46

Орысша айтқанда завидный жених :)

+0
14 наурыз 2014, 17:14

Айгерім ханым! ақпараттарыныз үшін көп көп рахмет, жақсақ баяндалған, бірақ М.Қ.Дулати емес М.Х.Дулати болуы тиіс! (Мұхаммед Хайдар Дулати)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...