"Реал" ойыншыларының лақап аттары

"Реал" ойыншыларының лақап аттары

Біріншіден, "Реал" - "корольдік клуб". Бұл тіптен лақап ат емес, атаудың аудармасы. Бізге белгісіз, 1920 жылдың 29 маусымында Испания патшасы XIII Альфонс ұжымға осы бір атауды беруді ұйғарды. "Реал" мұндай атауды Франко билігі үстемдік құрған тұста да иеленіп қала берді. 

"Реал" Испанияның астанасында ойнағандықтан, оларды "мадридтіктер" деп те атап жатады. Шынына келсек, бұл орысша ат екен. Ал шын мәнінде, Чемпиондар Лигасының он дүркін жеңімпазын бұл атаумен көп атай бермейтін де көрінеді. 

Егер түске оралар болсақ, онда "Реал" - "кілегей" (los meringues) деген ұғымды береді. Бұл атау мадридтік клубқа 1913 жылы тағылыпты. Ақ түсті ұжым ішіне Артур Джонсон алып келген және оны өзінің сүйікті ағылшындық клубы "Коринтианстан" иемденген. Ақырында, "Реал" сол күннен бастап, әлі күнге дейін ақ түсті жейдемен ойнауда. 

Ұмытпай тұрғанда, әрине, "галактикос" (los galacticos) естен шықпасын. "Реал" өз тарихының өне бойында қымбат әрі мықты футболшыларға деген көрсеқызарлығымен көзге түсіп келген-ді. Әсіресе, XX мен XXI ғасырдың ширегінде қатты орын алған-ды.  Сол уақытта Мадрид төріне Фигу, Зидан, Роналдо, Бекхэм, Оуэн секілді ойыншылар ат басын бұрды. Перестің қолындағы "Реал" "Зидан мен "Павондардың" командасы аталып кете барып еді. 

"Реалды" ара-тұра "малшы" (los vaqueros) деп те атайды. Бұл атау Альфредо Ди Стефано кезінде келді. Мадридте Пелені шақыру туралы іс ойға алынып, сонда тәкаппар аргентиналық бір отарға екі малшының болмауы керектігін айтқан екен. "Реалдың" жанкүйерлері ара-тұра осыны айтып, өзара күлкі қылып тұрады. Қарсыластар осы оқиғадан кейін мадридтік клубты "саулық" (қой) деп атап кеткен. 

"Реалдың" ойыншылары туралы лақап аттарды кездестіріп қалып, сіздермен бөліскелі отырмын. Кейіндеу табылған лақап аттарды да қатарға қоса кеттім.

Икер Касильяс

Икердің бірнеше лақап аты бар: Галактико, Галактико Мостолес (Мостолес - Испанияның автономды қоғамдастығына кіретін қала), Қауын (ойын жейдесінің түсіне орай), бірақ бұлардың ішінде Қасиетті Икер ("San Iker") аты танымал болып қала беруде.

Оны кейде Кэп ("Capi") деп те атап жатады. 

Бензема

Француздың Месье ("Monsieur"), сонымен бірге Мысық ("Gato"), Арыстан ("León"), Бенз деген лақап аттары бар. Командағы әріптестері әдетте оны Бенз деп атағанды жөн көреді. 

Роналду

Криштиануды киіну бөлмесінде әдетте Көлік ("Máquina") деп және инженерлік өнердің өнертабысы деп санайды. Ромастың айтуынша, оны көбіне Крис деп айтады екен. Өйткені, бұл атау бәрінен қысқаша.  

Өзге де есімдері: Ронни, Рон, КР7

Ди Мария

Оны Анхелито деп, яғни Анхель деген толық есімнің қысқартылған аялы есімі саналады. Сонымен бірге, оны Вермишель ("Fideo" - Испанияда арық адамдары осылай атайды екен) деп атайды. 

Рафаэль Варан

Оны Рафа, кіші Йерро, Жираф, Жүрекжұтқан ("Varonil") деп атайды. "Реал" ойыншылары арасында көп таралған есімі - Раф пен Жираф. 

Хедира

Ерекше лақап атқа ие болмағандықтан, бірінші есімі Сами деп атағанды жөн көреді. 

Хаби Алонсо

Мінезі мен даналығы, киіну сәні үшін (киім таңдау үлгісі) Сеньор, не болмаса Маэстро деп аталады. 

Коэнтрау

Фабионы Шылымқор мен Темекі деп атайды (суреттерде шылым шегіп тұрғандықтан). 

Марсело

Марселоны Марс деп, кейде Жынданған ("El Loco") деп атайды.

Пепе

Пепені ойынға дайындық бөлмесінде Пепиньо дейді. Орталық бөлікте ойнағанда, Анти-Месси деген лақап аты тағы бар. 

Серхио Рамос

Куки (тәтті тоқаштардың атауларының бірі), Комачи (үндістандық тайпа), Ат жақты ("Carapony"), Тарзан, Рэмбо, Қасқыр деген лақап аттары бар. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sports.ru

Л. Лига