Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Моуриньо: "Футбол философиясын өзгерткім келеді"

Моуриньо: "Футбол философиясын өзгерткім келеді"

Моуриньо:

Лондондық "Челси" командасының бас бапкері Жозе Моуринью жақында шынтақ буынын жарақаттап ауруханаға түскені туралы хабар тараған болатын. Жарақатына ота жасатқан білікті маман жақында қызметіне қайта оралмақ. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға әлем таныған бапкердің баспасөз беттеріне берген сұхбаттарындағы ерекше ұстанымдарын ұсынамыз.


  • Футболда ақ пен қара жолақтардың бар екенін білемін. Күні туғанда мені де қызметімнен қуады.
  • Команда жұмбақ болу керек. Оның ішінде айтылған әрбір сөз сыртқа шықпауы тиіс. Сонда ғана алпауыт ұжымға айнала алады.
  • Журналистермен кездесу деген ойынның бір бөлігі. Ойын менің басымда пресс-конференцияға кірген сәттен басталады.
  • Мен жер бетінде өмір сүремін, жұмыс жасаймын. Өзің не жайлы ойлайтыныңды, шындықты өзгеге айтудың қажеті жоқ. Мен екіжүзді, пәлеқор немесе қорқақ емеспін. 
  • Қысым қаншалықты күшті болса, мен одан да күшті боламын. Португалдарда мақал бар еді: қайық қанша үлкен болса, оған соғатын теңіз дауылы да күшті болады – деген. Бақытыма орай, менің қайығым әрқашан үлкен болды.

  • Мен жұмысымнан ләззәт аламын, оның әрбір минуты – менің бақытым.
  • Мен италиян тілін күніне бес сағат оқып, бірнеше айда үйреніп алдым. Ол маған футболшылармен, тілшілермен сөйлесуіме қажет болды. Ал Раньери Англияға келгеніне бес жыл болса да ағылшын тілінде «қайырлы таң» деп айта алмайды.
  • Автобуста кешігіп келе жатқан футболшыдан гөрі, алаңда он ойыншымен ойнаған артық.
  • Жас ойыншы қарбыз секілді болады. Оны алдымен шертіп тексеріп көресің, ұнаса ғана командаңа қосасың. Бірақ іші қандай екенін анық біле бермейсің.
  • Футболдың жағымсыз тұсы – оның жағымсыз ортасына байланысты.
  • Арсен Венгер – адамдарды сыртынан керемет бақылайтын жан. Ондай адамдар өмірде көптеп кездеседі. Көпшілігі үйіне келіп, үлкен телескоп арқылы өзге отбасыларды бақылап отырады.
  • Өмірде мен үшін махаббат маңызды. Отбасыңа, жұмысыңа және адамдарға деген ыстық махаббатың болуы керек. Егер әйеліңді жақсы көрмесең, ажырас. Ал балаларыңды жақсы көрмесең, онда сен адам емессің. Өзіңді-өзің өлтіре салғаның жақсы. Жұмысың ұнамаса, онда ауыстыр.

  • Менің өмірім жайлы фильм түсірілетін болса, рөлімді Джордж Клуни ойнағанын қалар едім. Ол өте талантты актер, оны менің әйелім де құптайды.
  • Мені футболдан гөрі, «құс тұмауы» толғандырады. Сіз күліп қарайтын шығарсыз, алайда бұл шындық.
  • Менің шаш үлгіме қара. Мен соғысқа дайынмын. Осы арқылы адамның басы бар екенін көрсеткім келеді.
  • Мен туралы айтатын жұрттың жартысына Құдайдың өзі ұнамаған.
  • Менің жеңіске жеткеннен кейін қуануға уақытым жоқ.
  • Менің командама қосылсаң, ешқашан екінші болмайсың.
  • Мен «Реалға» ақша үшін барған жоқпын. Дағдарыс кезіндегі клубтың көп қаржысын иелену маған да ыңғайсыз еді. Мен тек жұмысыма қанағаттанарлық баға алғым келді.
  • Мен футбол философиясын өзгерткім келеді. Ондай бапкерлер әлемде жоқ.
  • «Челси» - 4-3-3 жүйесін қолданған ағылшын жеріндегі алғашқы команда. Ал одан кейін «Манчестер Юнайтед» пен «Арсенал» бұл жүйеге ауысты.
  • Мен Чемпиондар Лигасын үш түрлі командамен ұтқан бірінші бапкер болғым келеді.
  • Мен қарапайым өмірді қаласам, «Портуда» қала берер едім. Жайлы орындық, жылда Чемпиондар Лигасына шүбәсіз қатысу, Құдай және Құдайдан кейін – мен болып...

  • Лондон көшесінде маған 75 жастағы қария жылап жолықты. Ол Болтонда «Челсидің» 50 жыл бұрын чемпион болғанын айтып, сол кездесуге атасы және әкесімен бірге барғанын есіне алды. Ал бұл жеңісті жалғыз қарсы алдым - деп жылады. Менің де жүрегім езіліп кетті.
  • Маған керемет мінезді ойыншы керек емес. Оны өз балаларымның бойынан-ақ байқаймын. Маған қақпа торын тулатып тұратын футболшы керек.
  • Мені әріптестерім сынауға әуес. Олар мені сынау арқылы газет беттерінің мұқабасына шығады. Бұл олар үшін тегін жарнама.
  • Туыстарым мен достарым менің шашымды футболдағы жүйке жұқарған сәттерден ағарған деп айтады. Ол олай емес. Менің әкемнің шашы да ерте ағарған. Ал футбол бұл – қуаныш.
  • Менің танымалдылықта еш өкпем жоқ. Бірде балаларымды ертіп әйеліммен Диснейлендке бардым. Ал үйге келген соң, келер жолы балаларым үйде қалғанымды қалады... Мұны мен танымалдылықтың, істеген еңбегімнің бағасы деп қараймын.
  • Мен 17 жасқа толғанда бір қызды жақсы көрдім. Сол қыз қазір менің жан жарым.
  • Мен өзімді үздік бапкермін деп айта алмаймын. Бірақ менен асып түсетін ешкімді көріп тұрған жоқпын.
  • Маған Габриель Гарсия Маркес шығармалары ұнайды. Алайда көп оқуыма уақыт табыла бермейді.

  • Менің футбол философиямда футболшы бірінші қорғанысты ойлау керек. Мейлі жарақат алып жатса да.
  • Роналду үш мінездемемен ерекшеленеді. Ол: атаққұмарлық, тәртіп және ниеттестік. Егер онда мұндай қасиеттер болмаса, Роналду да болмас еді.
  • Футболшылар барлығын өздеріне-өздері жасайды. Мәселен, Касильяс. Ол мадридтік «Реалдың» сөзсіз көшбасшысы. Алайда ол мұны өзіне-өзі жасап алды.
  • Мен өзімді өзгелермен салыстыру үшін жұмыс жасамаймын. Менің футболдағы нәтижемнің өзі барлығын дәлелдеп беретін болады.
  • Рауль мен Гути мадридтік «Реал» үшін талай іс атқарды. Ал мен түк те істеген жоқпын. Сондықтан да мен оларды қатты құрметтеймін.
  • Мен негізгі құрамда болмаса да, алаң жиегінде отырып өмірін өткізетін футболшыларды түсінбеймін.
  • Мен футболды және отбасымды сүйемін. Менің өзге қоғамдық тұрмысым жоқ. Барлығын жұмысымның нәтижесі үшін жасаймын.

                                                                                                                                                                Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com, ntv.ru

Қосылған күні: 22 қаңтар 2014, 08:59
Пікірлер
+0
22 қаңтар 2014, 09:35

Әдемі бапкер мен үшін, қалғаны маңызды емес )))

+0
22 қаңтар 2014, 11:53

Мен туралы айтатын жұрттың жартысына Құдайдың өзі ұнамаған. Жақсы айтыпты.

+0
22 қаңтар 2014, 12:32

Касильяс. Ол мадридтік «Реалдың» сөзсіз көшбасшысы. Алайда ол мұны өзіне-өзі жасап алды.

+0
22 қаңтар 2014, 18:39

:o

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.