Роналду өз бапкерлеріне көлік кілтін табыс етпек

Роналду өз бапкерлеріне көлік кілтін табыс етпек

Мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы және "Алтын доптың" екі дүркін иегері Криштиану Роналду өзінің физжаттығудағы бапкерлеріне көлік кілтін табыс етуі мүмкін, деп жазуда Eurosport сайты.

Бірнеше ай бұрын Роналду алда-жалда "Алтын допты" ала қалған жағдайда, аталған жаттықтырушыларға сыяпат көрсететінін айтыпты. Әзірше португалдықтың әр бапкерге бір-бір көліктен тағайындайтыны, не болмаса барлығына ортақ бір көліктің кілтін табыс ететіні белгісіз қалуда. 

Жиырма сегіз жастағы сұрмерген ертеректе оларға iPhone телефоны мен iPad планшетін сыйлапты.

Жуырда Роналду каталондық "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси мен мюнхендік "Баварияның" жартылай қорғаушысы француз Франк Риберидің алдын орап, 2013 жылдың "Алтын добын" иеленген болатын. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: eurosport.ru

Л. Лига