Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Криштиану Роналдудың өмір сүру қағидасы

Криштиану Роналдудың өмір сүру қағидасы

Криштиану Роналдудың өмір сүру қағидасы

Миллиондардың сүйіктісіне айналған Криштиану Роналдуды танымайтын адам жоқ. Оның алаңдағы жасындай жарқылдаған бейнесі, өзіне ғана тән шебер ойыны, талайды тәнті еткен финттері жанкүйерлердің есінде. Бүгінгі күннің ең үздік футболшысы кім деген сұрақ қойылса, Роналду біріншілердің бірі болып аталары сөзсіз. Ол бүгінгі жетістігімен-ақ футбол тарихында қалардай қадам жасады. Алайда өз биігінің бұдан да жоғары жетістікке көтерілуі үшін әлі де мүмкіндігі жетерлік. Назарларыңызға мадридтік "Реал" және Португалия құрамаларының үздік шабуылшысы Криштиану Роналдудың баспасөз беттеріне берген сұхбаттарынан жинақталған ой-пікірлерін ұсынамыз.

"Мен тек футболшы болуды ғана қаладым"

  • Менің басқа клубтарға деген есігім ашық, алайда «Барселона» - мен өткен соңғы клуб.
  • Шебер ойыншыларды қорғаймыз деп төрешілер (арбитр) қашан да айтады. Алайда кейбір ойыншылар шынымен де дербес, бірақ мен өзімнің жарақат алмайтыныма сенімді емеспін.
  • Мен өзімді жоғары санамаймын деп ойламаймын. Бірақ маған өзгелердің не дейтіні аса қызық. Мен қашан да жақсы қалыпта болуға тырысамын. Өзімді жетілдіру жолында көп еңбектенемін. Сондықтан да менің спорттық машығым қандай да бір сынға лайықты деп ойламаймын.
  • Ең маңыздысы – мен ойнап жүрген команда. Бұл маған жақсы ойнауға, маңызды голдар салуға сенімділік береді.
  • Мен Ұлыбританияға бармаймын деп кесімді пікір айтпаймын. Болашақта ағылшын премьер-лигасында өнер көрсетемін деп сенемін. Бірақ  «Манчестер Юнайтедке» ораламын деп айта алмаймын.
  • Маған басқалар не істесе де, не айтса да – бәрібір. Мен футбол алаңында ғана жауап беремін.
  • Еш ойнай алмаған және өз қалпымда бола алмаған уақыттарымды жек көремін.
  • Мен «Реалдағы» қатардағы бірінші ойыншымын. Өзге футболшыларға қарағанда маған көп көңіл бөлінетіндігін сезінбеймін. Бізде әрбір ойыншы үлкен жауапкершілік арқалаған.

  • Футболшы болмағанда кім болар едім? Ол жағын білмеймін. Мен тек футболшы болуды ғана қаладым. Бес те, алты да, жеті жасымда да футболды ойладым. Ата–анам меннен туған күнімде не Роджествода не қалайтындығымды сұрағанда, мен ойыншық, компьютер, ойын тақтайшаларын емес, жаңа доп сатып беруін өтінетінмін.
  • Мен Бразилия музыкасын жақсы көремін, мәселен, Ивет Саньялоны. Хип-хоп немесе романтикалық музыка қатарынан - Джордж Майкл мен Элтон Джон тәрізді музыканттарды тыңдаймын.
  • Төрешілер менің кейде тым өрескел ойнағанымды, тәртіп бұзғанымды көре тұра көз жұма қарағаны жанымды ауыртады.
  • Әлем Чемпионатын жеңіп алу – үлкен арман. Біздің командамыз жақсы команда, алайда фантастикалық емес! Мен қандай әрекет жасасам да, ұжымдық ойын болмай бұл титулға жете алмаймын.
  • Маған қатысты дыбысқа (ысқырық) келетін болсақ, мен оған үйреніп қалғам. Бұл футбол және көнуге тиіссің.
  • Маған әлемнің ең қымбат ойыншысы болған ұнайды. Жақсы ойыншылар қымбат тұрады, оны иемденгің келсе, ол үшін төлеуің де қажет. 
  • Мен - Криштиану Роналдумын және көптеген марапаттар ала аламын. Босаңсуды жек көремін. Жаңкүйерлер менен жақсы ойын күтеді, олардың көңілін қалдырмау үшін барымды саламын.
  • Адамдардың мен турасында күлгенін ұнатамын. Олардың көздерінен маған деген жеккөрінішті көргенді, мені ғайбаттағандарын жақсы көремін. Бұл менің ешқандай да жыныма тимейді.

  • Менің ешқашан да бәріне ұнауға тырысып көрмегенмін, ол мүмкін де емес.
  • Мен – бірінші, екінші, үшінші де футболшымын.
  • Жозе Моуринью – ұлы жаттықтырушы, өте кәсіби және қызықты адам. Ол әрқашанда жеңімпаз болып шығады. Оның жаттықтыруы да өзі сияқты ерекше.
  • Футболды аяқтағаннан кейін немен айналысатынымды білмеймін, осы күнге дейін футболдан басқа ешқандай да мақсат болмаған.
  • Атақ менің өмірімді керемет өзгертті. Мені дүниенің кез келген тұсында таниды, бір жағынан, жақсы, ал екінші жағынан – жанға өте ыңғайсыз. Әр қадамыңды қадағалап отыруға тура келеді: кіммен сөйлесесің, не жайында сөйлесесің... Кез келген қадам сені кері кетіруі мүмкін.
  • Басында баспасөздің барлығы менің өмір сүру тәсілімді сынады, алайда қазір олар не жайында айтады? Менің ойынымды, менің голдарымды...
  • Менің айып добын орындағандығымда не сыр бар? Бар болғаны менің аяқтарым шапшаң қимылдайды!
  • Усэйн Болт? Мен оны озып кететініме сенімдімін.
  • Әртүрлі амал-тәсілдерді (трюктарды) ойлап тапқанды ұнататынмын. Біреулер үшін мен шоумен болуым мүмкін, алайда мен бұны жасандылық үшін жасамаймын, дәл осындай футбол маған ұнайды.
  • Мен бай, тамаша және ұлы ойыншымын.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vk.com

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 28 желтоқсан 2013, 14:40
Пікірлер
+0
28 желтоқсан 2013, 16:46

міне азамат :mrgreen:

+0
28 желтоқсан 2013, 17:38

Роналдуға сөз жоқ енді :D :o

+0
28 желтоқсан 2013, 17:51

Философ па деп ойлап қаласың

+0
28 желтоқсан 2013, 18:21

супер футболистко :mrgreen:

+0
29 желтоқсан 2013, 00:39

Таккаппар ор кокиректигин алы коймапты го

+0
29 желтоқсан 2013, 01:24

хехехехе керемет айтыпты ;) ;) ;) :D :D :cry: :cry: :cry: :idea: :idea: :idea:

+0
30 желтоқсан 2013, 12:05

жақсы көрем :lol:

+0
30 желтоқсан 2013, 21:03

озимшил :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.