Златан суреті бар пошта маркасы шығарылады

Златан суреті бар пошта маркасы шығарылады

Пари Сен-Жермен шабуылшысы әрі швед футбол құрамасының басты ойыншысы Златан Ибрагимович пошта маркаларына таңбаланды.

Әртүрлі дизайндағы бес марканы жасаған швед суретшісі Нина Улмая. Ол бұған дейін 2011 жылы шыққан «Мен – Златанмын» («Я-Златан») автобиографиялық иллюстрациясын жасап, қызметтес болған-тын. Жұмыс барысында суретші Златанның өзімен ақылдасып, кеңескен де екен.

Бұл маркалардың таныстырылымы 2014 жылы наурыз айында болады, сондықтан филателистерге ақша жинап алуға мүмкіндік туып тұр. Десек те, бұл пошта маркаларының қанша бағада сатылатыны әзірге хабарланбады. Ибрагимовичтің өзіне бұл идея мен оның нәтижесі ұнап қалған екен. Златан өзінің босниялық ата-тегіне және өзге елдің құрамасына ойнайтындығына қарамастан, Швецияның мақтан тұтар «жәдігеріне» бірінші рет айналып отырған жоқ. Мәселен, 2012 жылы швед сөздігіне «златанер» деген етістік қосылған болатын. Бұл сөз қандай да бір істі күшпен жасау, басымдылық көрсету деген мағына береді. Оны Canal+ француз арнасының комментаторлары ойлап тауып, швед тілі Кеңесінің отырысында бекіткен.  

Швецияның пошта қызметі жұмысын ұлт қаһармандарын алға тарту арқылы бірінші рет насихаттап отырған жоқ. 1991 жылы швед поштасы елдің танымал музыканттарының суреті бары маркалар шығарған болатын. Олар Лен Филипссон, Джерри Уильямс және Roxette тобы. Ал 1994 жылы Канада құрамасын 1994 жылғы олимпиадада хоккей турнирінде жеңген соң хоккейст Петер Форсбергтың суреті бар марка шығарған еді.  

Айта кетсек, әлемдегі ең қымбат пошта маркасы – «Жёлтый трёхскиллинговик». Оның құны 2010 жылы – $ 2,3 млн болған. Бұл швед поштасынан шыққан тұңғыш марка болып табылады. Баспа жұмысының қателігінен соң оның беті қызыл-күлгін түске ауысып, әлемде дәл осындай түстегі бірегей марка болып қалды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: football-side.com

А. Құлтай